Тәулік дерегі: +291 науқас

22 тамызда Қостанай облысында коронавирус 291 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 100, Жітіқара қ. – 34, Арқалық қ. – 17, Рудный қ. –  31, Әулиекөл ауданы – 21, Лисаков қаласы және Б.Майлин ауданында – 13, Сарыкөл ауданы – 12, Федоров ауданы – 10, Қостанай ауданы – 9, Мендықара ауданы – 7, Алтынсарин және Денисов аудандарында – 6, Қарабалық ауданы – 5, Қамысты ауданы –  4, Қарасу ауданы – 3.
248 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 41 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 2 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 258 адамда ауру белгілері болды, 33 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 22 тамыз аралығында COVID-19-ды 26 608 адам жұқтырған.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 23 648.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап, бірінші компонентпен 286 677 адам, екінші компонентпен 226 119 адам вакциналанды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓