Вакциналау қарқынды

Қостанай қаласында коронавирус инфекциясының алдын алуға және вакциналау арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптас-тыруға арналған іс-шаралар белсенді түрде жүргізілуде. Биылғы жылдың 1 ақпанынан бастап қалада 74 462 адам (45,2 %) вакцинаның бірінші компонентін, 37 465 адам екін-ші компонентін алды. Халықтың барлық санаттарын иммундау үшін «Спутник V», «QazVac», «XayatVax» вакциналары қолданылуда. Жалпы дерек бойынша, Қостанай қаласында 251 851 адам тұрады, оның ішінде 164 632 адам вакциналауға жатады.
Қостанай қаласының әкімі, КВИ алдын алу жөніндегі қалалық штабтың төрағасы Қайрат Ахметов екпе жасау мәселесінде пәрменді шараларды белгіледі. Қала басшысы еңбек ұжымдарымен кездесіп, қостанайлықтарды өздерінің және жақындарының денсаулығы үшін жауапкершілік танытуға және covid-19-ға қарсы уақытылы вакцинациядан өтуге шақырады.
Қостанай қаласының әкімдігінде барлығы 145 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. Соның 114-і екпе алды, он алты адамның екпе алуға нақты медициналық қарсы көрсетілімі бар. Қалған он үш адамға уақытша медициналық қарсы көрсетілім тағайындалған. Пайызға шаққанда қызметкерлердің 91% вакцинацияланды.
Халықты вирустық инфекцияның тара-луынан қорғау үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында қала басшылығы жұмыс берушілермен бірге ұжымдарда түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қостанай қаласының 70 білім беру ұйымында 5103 қызметкер жұмыс істейді. 11 шілдеге дейінгі мәлімітке сәйкес, 4262 адам вакцинаның бірінші компонентін салдырған немесе білім беру ұйымдары қызметкерлерінің 90,6%-ы екпе алып отыр. Қалада 15 колледж бар. Ондағы қызметкерлер мен педагогтердің жалпы саны 1 488 адам. Соның 943- і екпенің бірінші компонентін алған.
Құқық қорғау органдары саласында биылғы жылдың 16 шілдесіне сәйкес, Қостанай қаласында 3 926 адам егілді. Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұжымы (ҚК-161/1, ҚК-161/2, ҚК – 161/11, пробация қызметі) – 96,7%, Қостанай облысының полиция департаментінің ұжымы – 96,2%. Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы (Қостанай қаласы бойынша) – 95,5% екпе алды. Қостанай қаласының полиция басқармасы (Оңтүстік ПБ, Солтүстік ПБ) бойынша вакцина алғандардың көрсеткіші 96,2%-ды құрады.
Қаладағы денсаулық сақтау мекеме-лерінде қызметкерлердің 74,7% вакцинацияланды. Екпе алу үрдісі кәсіпкерлік са-ласында да қарқын алған. Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда, сауда, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету және т. б. салаларда белсенді жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні кәсіпкерлік саласындағы ірі кәсіпорындар бойынша 4 053 адам вакцинацияланды. "Арасан "фирмасы" ЖШС-де – 270 адам (90%), "Баян Сұлу" АҚ-да – 1138 адам (жұмысшылардың жалпы санының 77%), "Романа – НАН" ЖШС-де – 100 адам (67%), "Асалия" ЖШС-де – 64 адам (67%), "МИЛХ" ЖШС-де – 155 адам (67%), "Аруана-2010" ЖШС-де – 85 адам (61%), "Ирина и К" ЖШС-де – 58 адам (59%), "ДЕП" ЖШС – 220 адам (55%), "Сарыарқа-АвтоПром" ЖШС – 685 (47%).
Қала бойынша 7 медициналық ұйымда вакцинация (№1 емхана, №2 емхана, №3 емхана, №4 емхана, "№5 емхана" ЖШС, "Уромед" ЖШС, "Қостанай темір жол ауруханасы" ЖШС) жүргізіледі. Сондай-ақ "Қостанай Плаза" СОО, "Астықжан" СОО, "Емшан" СО, бизнес орталығы, Қостанай арнайы аймағында қосымша егу пунктері ашылды (жұмыс уақыты таңғы сағат 9.00-ден кешкі сағат 21.00-ге дейін).
Облыс әкімі А.Мұхамбетовтің тапсырмасы бойынша ыңғайлы автобустардың базаларында жабдықталған жылжымалы медициналық кешендер іссапарға жіберілді. Онда коронавирус инфекциясына қарсы профилактикалық егулер жүргізу үшін барлық жағдайлар жасалған. Вакциналарды сақтауға арналған тоңазытқыш камералары бар. Вакцинацияны №1, №2 және №4 қалалық емханалардың көшпелі бригадалары сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жүргізеді. Аталған жылжымалы медициналық вакцинация пунктері Орталық базардың жанында, вокзал маңы алаңында және Сити-орталықтың жаяу жүргіншілер аймағында орналасқан. Халықтың басым көпшілігін вакцинамен қамту мақсатында осы пунк-тердің орналасқан жерлері алдағы уақытта өзгеретін болады. Мысалы, «Аэропорт» шағын аудандағы "Керуен" сая бағының аумағында көшпелі вакцинация ұйымдастырылмақ. Аталған шағын аудан-да жеті мыңнан астам халық тұрады. Сондай-ақ, Складская көшесіндегі, Жастар бульвары аумағындағы және т. б. ірі базарға келушілер үшін вакцинациялаудың көшпелі бригадаларының жұмысын ұйымдастыру жоспарлануда.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓