Науырзымда кино түсіріледі

Қостанай жерінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген жан-жануарларды, орманды қорғау жолында жанын берген қорықшылар мен аңшылар жайында атыс-шабысы көп шытырман фильм түсірілмекші. Сергей Гармаш, Сейдолла Молдаханов, Дәурен Серғазин, Жанель Макажанова, Нышанбек Жұбанов, Ержан Түсіпов, Төлепберген Байсақалов сияқты актерлармен қатар І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері де аталмыш киноға түспек. Олардың қатарында Азамат Шүкеев, Нұрлыбек Кенжеахмет, Төленді Әлқожа, Әлімхан Мырзахан, Қуаныш Маратұлы бар.
Бұл фильм Науырызым қорығында түсірілмек. Қорық енді кино алаңына айналып, табиғаттың әсемдгін паш ете бермек. Фильмнің режиссеры, сценарий авторы – Максим Акбаров. Мемлекеттік тапсырыс бойынша түсірілетін фильм, тамыз айының басында басталады деп жоспарлануда. Бұл бастаманы Қостанай облысы әкімдігі мен мәдениет басқармасы да қолдап,  атсалысып жатыр.
"Фильм браконьерлер мен қорықшылар туралы болады. Өкінішке қарай, елімізде браконьерлердің қолынан қаза табатын қорықшылар аз емес. Осы жағдай фильмнің негізі болып отыр. Режиссер фильмді түсірмес бұрын еліміздің біраз жерлерін аралаған екен. Науырзым қорығын көріп, оның табиғатына тамсанып, бірден осы жерде түсіріледі деп шешкен. Біздің өңірде күннің ұзақтығы да өндіртіп жұмыс істеуге қолайлы. Фильм режиссері Максим Акбаров қазіргі кезде Қостанайда. Облыс әкімінің қабылдауында болып, қолдау болатынын айтып жатыр. Кино бір ай көлемінде түсіріледі деп жоспарлануда, ­- дейді облыстық қазақ театрының директоры Әлімхан Мырзахан.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓