Акцияның жемісі

Жол автивтерінің ұлттық сапа орталығы «1000 мектеп» акциясын жүргізіп келеді. Соның арқасында жолшы мамандығына қызығушылар қатары көбейген.
Қостанай автокөлік жолдары коллежінің студенті Кристина Стреляева аталмыш акция аясында жолшы мамандығын таңдағандардың бірі. Орталық өкілдері мектептерде кездесулер өткізіп, оқушыларға осы мамандықтың қыр-сырын түсіндіреді.
Кристина Жол активтерінің ұлттық сапа орталығында тәжірибеден өтіп жүр. 
"Жол саласын таңдағаныма өте қуаныштымын. Қазір техникалық мамандықтарға сұраныс артып келеді. Жол активтерінің ұлттық сапа орталығында кәсіби мамандармен иық тіресіп жұмыс істеп әрі осында өткен тәжірибеме  жалақы алып жүрмін", – дейді болашақ жолшы. 
Студенттің жұмысқа деген ынтасын тәжірибелі мамандар жоғары бағалап отыр. Мұны акцияның нәтижесі дегенді айтады зертхана қызметкері.
"Жастардың жол саласына бет бұруы үшін жасалып жатқан жақсы шара. Қазіргі таңда жол саласына деген қызығушылық жастар тарапынан артып келеді. Тіпті, бойжеткендердің ынтасы зор. Мұның барлығы Жол автивтерінің ұлттық сапа орталығы жүргізген «1000 мектеп» акциясының жемісі деп ойлаймыз. Осыған дейін облысымыздың көптеген мектептерімен онлайн және офлайн кездесулер өткізіп, жолшы мамандығын таңдауға үгіттеген болатынбыз. Қазір, зертханада 4 студент тәжірибеден өтуде. Оларға барынша қолдау көрсетіп, білімін жетілдіріп, кәсіби шыңдауға тырысып бағудамыз. Тәжірибеден өтіп жатқан болашақ жолшылар осы салада, тіпті осы мекемеге жұмысқа  тұрып, қызмет атқаруды қалайды. Тек бұған дейін жеке қасиеттер мен кәсіби жарамдылықты бағалау үшін тестілеуден өту керек. Студенттер белгілі бір талаптар бойынша тәжірибеден өту үшін таңдалады. Олар негізінен оқушының үлгеріміне қарайды. Осылайша, биыл практикалық дағдыларды үйрену мүмкіндігі 4 балада пайда болды. Студенттерге арналған өндірістік тәжірибе ақылы. Олар айына 85 мың теңге алады. Екі жыл ішінде жол активтері сапасының ұлттық орталығында 7 практикант шығарылды. Олардың бірі ұйымда жұмыс істеуге қалды", – дейді "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК Қостанай облысы бойынша филиалының зертхана қызметкері Ольга Ярошенко.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓