Ауырғандардың көбі екпе салдырмаған

Соңғы алты күнде аймақта індетке шалдыққандар саны күрт өсіп, күніне 53-тен 116-ға дейін жетті. Брифингте Қостанай облысының бас санитар дәрігері Ермұханбет Дәулетбаевтың айтуынша, вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар арасында аурудың 17,9% жағдайы анықталған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Анжела Бексұлтанова облыстағы 22 стационардағы орындар 44%-ға толтырылғанын айтады.
– 15 шілде күні 1 302 төсектің 551-іне адам жатқызылған. 100 реанимациялық төсектің 34-інде науқастар ем қабылдауда, оның ішінде 22 науқастың жағдайы ауыр, – деп атап өтті Анжела Бексұлтанова. – Негізінен бұл процесс қатар жүретін аурулар – жүрек-қан тамырлары және қант диабеті есебінен көбейген. Ауырғандардың көбі – 60 жастан 70 жасқа дейінгі адамдар.
Ауыр науқастардың арасында вакцинацияланғандар жоқ. Алайда, екпе салдырған адамдар ауырып қалуы мүмкін.
– Сырқаттанғандардың жалпы санының 0,7%-ы вакцинацияланғандар, – деп нақтылады Ермұханбет Дәулетбаев. – 80% бірінші компонентті алғаннан кейін ауырып қалды. Олар вакцинациядан бұрын жұқтыруы мүмкін. Егілгендердің 20%-ы екінші вакцинадан кейін ауырып қалған, бірақ бастапқы кезеңде олар әлі антиденелер жасамаған кезде жұқтырған.
Естеріңізге сала кетейік, иммунитет вакцинациядан соң, 2-4 аптадан кейін пайда болады. 1 ақпаннан бастап облыста 217,5 мыңнан астам адам егілген, олардың 109 мыңнан астамы толық екпе алған. Қазір облыс халқының 25%-ы вакцияна салдырған, мамандар бұл көрсеткішті 60%-ға дейін жеткізуді көздеп отыр.