Жаңа қаулыда қандай шектеулер бар?
Коронавирус індетінің қайтадан белең алуына байланысты шектеу шаралары күшейтіледі. Қостанай облысының бас санитар дәрігері Ермұханбет Дәулетбаев жаңа қаулыға қол қойды. Осыған орай журналистерге арнайы брифиң өткізілді.
Спикердің айтуынша, Ashyq жобасына қатысушыларға бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. 5 шілдеден бастап күшіне енетін жаңа қаулының басты ерекшелігі осы.
"Ойын-сауық мекемелерінің (көрмелер, караоке, бильярд, кальян, компьютерлік клубтар, түнгі және ойын клубтары, боулинг, батуттар, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондар және басқалары), банкет залдарының, букмекерлік кеңселердің қызметі тоқтатыла тұрады. Тек Ashyq жобасына қатысатын нысандар қаулының талаптарына сәйкес жұмыс істейді. Яғни, келушілерді ғимарат ішінің үштен біріне кіргізуге рұқсат бар", – деп атап өтті Е.Дәулетбаев.

Сонымен қатар, кинотеатрлардың, театрлардың, мәдениет үйлерінің, концерт залдарының, филармониялардың жұмысына да шектеулер қойылмақ. Ashyq жобасына қатысатын нысандар ғана көрермен орындарын 30%-дан асырмай толтыра алады.
5 шілдеден бастап қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысына тыйым салынады. Қалада қоғамдық көлік жұмыс істейді, бірақ халық ең көп қатынайтын уақытта тасымалдаушылар бірнеше автобусты қатар шығаруға міндетті. Маршрут көлігіне жолаушы бетпердесіз мінбеуі керек. Бас санитар дәрігер осы және өзге де шектеулерді түсіндіріп өтті.
"Ойын-сауық іс-шараларын, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік кештерді (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) үйде және адамдар көп жиналатын өзге де орындарда өткізуге тыйым салынбақ. Сондай-ақ жаппай корпоративтік және басқа да іс-шараларды өткізу үшін жеке меншік үйлер мен құрылыстар жалға берілмеуі керек. Ал жиналыстар мен отырыстарды онлайн режимде өткізуді ұсынып отырмыз", – деді спикер.
65 жастан асқан тұрғындарға азық-түлік дүкендеріне, дәріханаларға, емдеу ұйымдарына баруға, қоқыс шығаруға және жануарларды серуендетуге болады, қалған уақытта үйде отырған абзал.
Аслан ҚАНҒОЖИН
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ