Далаға шықпауға кеңес береді
Қазақстанның көп өңірінде 30 маусым мен 2 шілде аралығында қатты ыстық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, басқа өңірлермен қоса Қостанай облысында да 30 маусым мен 1 шілде аралығында күндіз кей жерлерде 40 градусқа дейін қатты ыстық болуы ықтимал, өрт қаупі бар.
Төтенше жағдайлар министрлігі ыстықтан сақтану үшін азаматтарды аса қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес береді, сондай-ақ:
– ағзаны сусызданудан қорғау үшін көп су, күніне кемінде 1,5-3 литр сұйықтық ішу керек;
– аптап ыстықта кез келген физикалық белсенділіктен бас тарту қажет;
– күндіз күн сәулесі бөлмеге кірмеуі үшін терезелерді ашық реңкті перделермен жабу керек;
– күн өтпес үшін бас киім, ашық ауа өткізбейтін киім (мақтадан жасалған) киіңіз.
Ыстық ауа райында балалар ерекше назарда болуы тиіс.