Көнеден жеткен нәзік үн

Қостанай қаласындағы "Жастар" сарайында осындай тақырыпта жетігеншілерге арналған шеберлік сағаты өтті. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясындағы іс-шараны облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы орталығы мен кинобейнеқор орталығы ұйымдастырды.
Шеберлік сағатын Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның "Ақжелең" фольклорлық ансамблінің жетігеншісі Әсем Ысқақова жүргізді.
Ол қатысушыларға жетіген аспабының шығу тарихын, ұлттық аспаптың түрлері мен шартты белгілерін таныстырып, аспаптың құлақ күйін келтіру, халық әндерін сүйемелдеудің әдіс-тәсілдерін көрсетті. Шеберлік сағатына Қостанай облысы аудан-қалаларының мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарынан жетіген шертуге машықтанып жүрген талапкерлер және тәжірибелі орындаушылар қатысты.
Сабақ соңында облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының басшысы Д.Қалқаев қатысушыларға сертификаттар табыстап, шеберлік сағатынын жүргізген Әсем ханымға алғыс хат пен сертификат табыстады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓