«Менің Отаным – Қазақстан»
«Менің Отаным – Қазақстан» атты облыстық туристик экспедициясы Науырзым ауданына ат басын тіреді.
Қамысты ауданы оқушылары мен мұғалімдерінен құралған топ Науырзым мемлекеттік табиғи қорығын, аудан орталығын аралады. Экспедицияның негізгі мақсаты – облыстағы мектеп оқушылары арасында туристік жұмыстарды жандандыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, туризм арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.