Сарыкөлде де сайлау қызу өтіп жатыр

ҚР Парламенті мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын мерзімінен бұрын сайлау жұмыстары Сарыкөл ауданында да қызу өтіп жатыр.IMG_1595
Айталық, №669 сайлау учаскесіне таңертеңгі сағат 7.00-де барғанымызда таңмен таласа тұрып, азаматтық борыштарын өтеуге келгендердің қарасы қалың болды. Ел өміріндегі елеулі оқиғаға бей-жәй қарамайтын сарыкөлдік тұрғын, ҰОС ардагері Павел Черепахин ең алғашқы болып дауыс берді.
-Біздердің жастық шағымыз сұрапыл жылдарға сай келсе, ал бүгінгі ұрпақ бейбіт өмірде сүріп жатыр. Не деген бақытты! Еліміз үшін және біздің жастардың болашағы үшін осы сайлаудың орны орасан, – дейді соғыс ардагері.ҰОС ардагері П.Черепахин
Сондай-ақ, №9 сайлау уаскесіне соқанымызда Анар Есенғалиева деген жас қызды жолықтырдық. Ол тұңғыш рет дауыс беруге келіпті:
-Мен үшін бүгін маңызды күн. Себебі, өмірімде алғаш рет сайлауға келіп, дауыс беріп, еліміз үшін өз үлесімді қосып жатырмын. Тәуелсіз Қазақстандай еліміздің бір ұрпағы болғаным үшін өзімді бақытты санаймын! – деді жас сайлаушы.IMG_1532
Сондай-ақ, 18 жасар сайлаушылардың бірі – Әсел Әмренова. Ол да өзінің дауыс беруге келгенін мақтанышпен айтады. Әсіресе, бұл сәтті өміріндегі ерекше оқиғаға балайды.
Жалпы, Сарыкөл ауданында 41 сайлау учаскесі бар. Оның 32-сі – ауылдық жерде. Сайлаушылар тізімі – 14705 адам. Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Анатолий Апареевтің айтуынша, сағат 12.00-ге дейінгі уақытқа келіп түскен мәлімет бойынша 10226 сайлаушы өз дауыстарын беріп үлгерген. Яғни, сайлау көрсеткішінің 69,5 % – ын құрайды.IMG_1600
Ал, бақылаушылардың бірі Елена Данилова сайлаудың заң шеңберінде барлық талапқа сай өтіп жатқанын және заң бұзушылық тіркелмегенін алға тартады.
Айтпақшы, барлық учаскелерде аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары шағын концерттік бағдарлама ұсынып, келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда.IMG_1407
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓