Түтіні бұрқыраған автобус
Бүгін таңғы 8.30-да №22 бағыттағы автобуста түтін шықты. Автобус моторы сөндіргішінен шыққан қою қара түтін салонның ішіне енсе де, жүргізуші оған мән берген жоқ. Салонның ішін түтін мен иіс алып кетті.
Соған қарамастан түтіні бұрқыраған автобус аялдамаларға тоқтап, жолаушыларды мінгізіп, өз бағытын жалғастыра берді. Жүргізуші айнадан көліктің соңындағы түтінді көрсе де көрмегендей кейіп танытты. Жолаушылар бұл жағдайға төзбей наразылықтарын білдірген соң ғана көлікті тоқтатып, салон ішіндегілерді сыртқа шығарды. Автобустар жүргізушілері автокөлік құралының жағдайына тиісінше көңіл бөлместен көбірек жолаушы мінгізуді, сөйтіп ақша табуды ғана ойлайтын сияқты. Автобуста осы оқиғаның куәгері болған редакция қызметкері осындай қорытындыға келіп, жолаушыларды жарты жолда қалдырған автобусты суретке түсіріп алды.