Апатты ғимараттар жоқ
Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов кеше әкімдіктің кеңейтілген отырысын өткізді. Онда жергілікті атқарушы органдардың жұмыс нәтижесі талқыланып, өңірдегі мәдениет орындарының жай-күйі қаралды.
"Nur Otan" партиясының 20212025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асырудың жол картасына сәйкес, республикамыздың барлық аймақтарында әлеуметтік сала нысандарының қолжетім-ділігін арттыруға, халыққа көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын жақсартуға бағытталған нақты міндеттер бар. Бұл міндеттерді жүзеге асыруға "Ауыл – ел бесігі", "Жұмыспен қамтудың жол картасы" сияқты мемлекеттік бағдарламалар мүмкіндік береді.
Биылғы 1 маусымындағы деректер бойынша біздің облыста 573 мемлекеттік нысан бар. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс істеп тұрған мәдениет нысандарына қанағаттанарлық және жақсы жағдайда деп өз бағасын берді. Өңірде апаттық жағдайда тұрған ғимараттар жоқ. Отырыстың соңында А.Мұхамбетов қала және аудан әкімдеріне мәдениет нысандарындағы автономды жылыту жүйелерін шығару жоспарының орындалуын ерекше бақылауға алуды тапсырды.