Зор міндеттер алда тұр

Қостанай облысы әкімдігінде мемлееттік бағдарламаларды іске асыру аясында 2021 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылауға арналған жиын өтті. Аймақ басшысының төрағалығымен өткен отырыс туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Нұрлы жер" баңдарламасы аясында аймақта өткен жылы Тобыл өңірі тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны жөнінен республикада 6-шы орыннан көрінгені айтылды. Былтыр облыс көлемінде 450,1 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 3 674 пәтер пайдалануға берілген. 
2022 жылғы жоспар бойынша, әлеуметтік тұрғын үй құрылысының үлкен үлесі облыс орталығына тиесілі болады. Атап айтқанда, 13 млрд теңгеден асатын сомаға 45 кредиттік үй және 4 жалға берілетін үй салу көзделіп отыр. Сондай-ақ, осы жылы облыста тұрғын үй салу көрсеткіші 10% – ға артады. Бұл 495,1 мың шаршы метрге тең.
Бұдан соң "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары және 2022 жылға арналған міндеттер қаралды.
2021 жылы жұмыспен қамту шаралары аясында 29 919 адам қос қолға бір күрек тапты. Ал алға қойылған меже бойынша жұмыспен  27,0 мың адам қамтылуы тиіс болатын.
Биыл Жұмыспен қамту шараларымен жұмыссыздар және өз нәпақаларын тауып отырған азаматтар қатарынан кемінде 27 мың адамды қамту жоспарлануда.
Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және 486 адамды жұмыс орнында оқыту жоспарлануда. Сондай-ақ, 552 адам электрондық еңбек биржасы арқылы қажетті кәсіп бойынша білім алады. "Бастау – Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 1250 адам жіберіледі. Сонымен қатар, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде кемінде 605 грант беру жоспарлануда.
Биыл заматтарды 2022-2025 жылдарға арналған "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы шеңберінде еңбек күші артық облыстардан азаматтарды көшіру көзделіп отыр. Осы ұлттық жоба аясында 2022 жылы өңірлік квотаға 700 адам ілікпек.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓