Қоғамдық көлік полиция назарында

«Рейдтік іс-шаралардың алғашқы күні полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың 60-тан астам фактісін, сондай-ақ жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 4 фактісін анықтады. Іс-шара басталғаннан бері тәртіп сақшылары 6 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегін анықтап, мас күйінде көлік жүргізген 127 жүргізушіні ұстады. 13 жүргізушінің бұған дейін көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Полиция жүргізушілерді көлікті басқару тәртібін сақтауға шақырады. Жыл басынан бері облыс жолдарында 99 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 26 адам қаза тауып, 117 адам түрлі жарақат алды», – делінген хабарламада.