Шипажай жөнделді
Боровской кентіндегі Мұхамеджан Қарабаев атындығы облыстық оңалту орталығы бұрын туберкулезбен ауыратын сырқаттарды емдейтін шипажай болған. Қазір де солай. Бірақ, уақыт өлшеміне сай тек атауы өзгерді. Оңалту орталығы ультрадыбыстық диагностика, электрлі және магнитті емдеу аспаптары тәрізді соңғы үлгідегі медициналық құрылғылармен жабдықталған. 1986 жылы іргесі қаланған шипажайға биыл алғаш рет күрделі жөндеу жүргізілді. «Өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен 933 млн теңге бөлініп, ғимараттың іші-сырты толық жөнделді. Бұған дейін отыз төрт жыл бойы бірде-бір рет жөндеу көрмеген нысан шыны керек, жайсыздық туғырып тұрған еді. Өздеріңіз білесіздер, бұрын бұл мекеме құрт ауруына шалдыққан науқастарды емдейтін шипажай болатын. 2019 жылы атауы мен жұмыс бағыты өзгертіліп, оңалту орталығына айналды. Қазіргі таңда жарақат алғандар, неврология, инсульттан кейінгі, коронавирус індетінен жазылған және күрделі отадан кейінгі науқастарды қабылдаймыз, – дейді оңалту орталығы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Нұрхан Өтегенов.
Айбек Ибраев