Екпе егу басталды

екпеҚостанай облысында тұмауға шалдыққандар тіркелген жоқ. Бұл туралы облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің қызметкерлері мәлімдеді. Қазір аурудың алдын алу мақсатында вакцина егу шаралары басталды. Бүгінде «Ваксигрипп» екпесінің 27 мың данасы сатып алынған, бұған мемлекеттен 20 млн. теңге қаржы бөлінген. Биыл бірінші кезекте балалар мен жүкті әйелдер екпе алатын болады. Сондай-ақ, қарттар мен медицина қызметкерлері, жетім балалар үйінің тәрбиеленушілері де тегін вакцина қабылдайтын болады.
Қарлығаш Оспанова 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓