«Таразбен» тең түсті
Футболдан Қазақстан Ұлттық біріншілігінің Премьер-Лига командалары арасындағы кезекті 29-шы тур ойындарына сәйкес Қостанайдың «Тобылы» «Таразбен» кездесіп, ұпай бөлісті.
Сырт алаңда өткен матчта жерлестеріміз бірінші болып есеп ашқан болатын. 39-шы минутта «Тобылдың» ойыншысы Огнен Красич көзге түсті. Алайда алаң иелері екінші таймда есепті теңстіруге мүмкіндік алды. Бұл жолы Алексей Щеткин өз командаластарын жеңілістен құтқарып қалды. Сөйтіп қос қарсылас арасында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Осы ойыннан кейін 19 ұпай жинаған «Тобыл» командасы турнир кестесіндегі оныншы орынға табан тіреді.
Айбек Кәдірұлы