Тұңғыш Президент күніне арналды

Қостанайда төртінші рет ұйымдастырылған іс-шараға Қазақстанның және көршілес елдердің танымал өнер майталмандары қатысты.


«Е.Өмірзақов атындағы филармония жанынан құрылған Назымбек Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі мен камералық оркестрі барлық шығарманы жоғары деңгейде орындады. Дирижерлер форумының музыканттарға, бізге берері мол. Бір-бірімізге араласып, тәжірибе алмасамыз. Жақсы іс жалғасты болсын», – деді Өзбекстанның халық әртісі Фарук Садықов.

Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.