Аймақ басшысының құттықтауы

Құрметті қостанайлықтар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын.
1992 жылдың 4 маусымында алғаш рет еліміздің жаңа Мемлекеттік рәміздері бекітілді. Оларды құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті.
Биыл біз ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнінің, "Қазақстан Республикасы" деп аталатын егемен мемлекеттің құрылуының 30 жылдығын атап өтеміз. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің бірегейлігі мен тәуелсіздігін бейнелейтін ажырамас нышандардың бірі.  Мемлекеттік рәміздер бізді Отан тағдырындағы ең маңызды сәттерде – ұлттық мерекелерден бастап спорттық жеңістерге дейін біріктіреді. 
Ресми халықаралық іс-шараларда Отанымыздың әнұраны шырқалса немесе көк туымыз көтерілсе, әрбір қазақстандық мақтаныш пен патриотизм сезімін сезінетініне сенімдімін. 

Құрметті жерлестер!
Осы мереке күні сіздерге амандық, бақыт, бейбітшілік тілеймін! Біздің Отанымыз – Қазақстан гүлдене берсін, оның тәуелсіздік туы биік болсын!

 
Архимед Мұхамбетов,
Қостанай облысының әкімі
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓