Бишілер кеші өтті

"Мирас" мәдениет үйінің концерт залында "INDIGO" хореографиялық студиясының есеп беру концерті өтті. 160-тан астам жас биші Қостанай қаласының тұрғындары мен көрермендеріне өз өнерлерін ұсынды. Студияның көркемдік жетекшісі Қостанай облысы жас-тарының Алтын кітабының лауреаты, Қостанай меценаттар клубының "Шабыт" сыйлығының лауреаты Константин Чеботарь, ал оқытушы-репетитор Дарья Комарова. Аталмыш ұжымның тәрбиеленушілері қалалық, облыстық, халықаралық фестивальдар мен байқаулардың бірнеше мәрте бас жүлдесін алып, лауреаттары атанған талантты жастар.
Концерттік бағдарлама бірнеше нөмірден тұрды. Хореографиялық өнердің түрлі стильдері мен бағыттарын көпшілікке ұсына білген жастар, халықтық, классикалық, заманауи стиліндегі билерді тамаша орындап берді. Керемет хореографиялық қойылымдар, жалынды музыка, жарқын сахналық костюмдер керемет көңіл-күй сыйлай білді. Концерттік бағдарламада жаңа қойылымдар да аз болмады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓