Чернобыль апатына – 35 жыл
Ә.Боранбаев атындағы кинотеатрда Чернобыль апатынан құрбан болғандар үнсіздікпен еске алынып, ардагерлерге құрмет көрсетілді.
Биыл 26 сәуірде Украинаның Чернобыль қаласында орын алған атом электр станциясы апатына 35 жыл толып отыр. Осыған орай Чернобыль ардагерлерін Арқалық қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы, капитан Аян Бозаев құттықтап, алғыс хаттар және гүл шоқтарымен марапаттады.
"Чернобыль атом электр станциясының апатында үкіметтің тапсырмасын ерекше орындап, табандылық пен батыл ерлік көрсеткені үшін" ардагерлер: Евгений Борисов, Мухамемедрахым Гумаров, Әнуарбек Ғалымов, Сергей Ким, Александр Комзолов, Букунхан Масақбаев, Қасқырбай Молдасейітов, Әкімбек Оразалин, Валерий Синицин, Назымбек Сәдуақасов, Ильдар Хайбулловтар сый-құрметке ие болды.
Құттықтаушылар қатарында сөз сөйлеген қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәнібек Ғапбасұлы ерлер даңқының өш-пейтінін тілге тиек етсе, апатты залалсыздандыру жұмысына қатысқан ардагер Әнуарбек Ғалымов отан алдындағы борышты бұл-жытпай орындағандарын алға тартты.
Аталар ерлігін жалғастырған атпал азаматтардың құрметіне қалалық мәдениет сарайы өнерпаздарының күшімен ән-жырдан шашу шашылды.
Мұрат
ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.
Суретті түсірген автор.