Беріле істеген іс берік болады

Аймақ басшысы ең әуелі Пушкин көшесінің Бородин және Дзержинский көшелері аралығындағы учаскені жөндеу барысын тексерді. Аталған учаскеде жалпы құны 483,7 млн теңгеге инженерлік желілерді жаңарту, ұзындығы 500 метрлік автомобиль жолын жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, өңір басшысы автомобиль жолдарын жөндеумен айналысатын мердігер ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, алдағы маусымға орай ұсыныстарын тыңдады. Тексеру қорытындысында А.Мұхамбетов Қостанай қаласының әкіміне мердігер ұйымдармен бірлесіп, нақты проблемалар тізбесін жасауды және оларды шешу жолдарын дайындауды тапсырды.
Кейін облыс әкімі облыс орталығында жаңа қонақ үй салынатын аумақты қарап шықты. Болжам бойынша, қонақ үй «Kostanay Plaza» СОО және «Тобыл арена» футбол манежінің жанында орналасады. Бес қабатты ғимарат барлық талаптарға сай болмақ. Ол бюджеттік санаттағы қонақ үй болады делінуде.
– Accor Group-тің қонақ үй бизнесі саласындағы жоғары біліктілігін және «БК-строй» отандық құрылыс салушының тәжірибесін ескере отырып, француз және Қазақстан тараптарының ынтымақтастығы біздің облысымыз үшін мүлдем жаңа жобаның пайда болуына ықпал етері сөзсіз, – деп атап өтті өңір басшысы.
Жандос
 ЖҮСІПБЕК
Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓