Жолдар, жолдар…
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов облыстың елді мекендеріндегі автомобиль жолдары мен көшелердің сапасына байланысты кезекті кеңес өткізді.
Қазіргі уақытта жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жалпы ұзындығы 1 011 шақырым автожолдың 81 учаскесі кепілдікті қызмет көрсетуде, оның ішінде: орташа жөндеу – 72 учаске, күрделі жөндеу – 4 учаске, қайта жаңарту – 5 учаске.
Сондай-ақ, елді мекендердің 322 көшесі, оның ішінде: орташа жөндеу – 308 көше, күрделі жөндеу – 2 көше, қайта жаңарту және салу – 12 көше.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен қала және аудан әкімдіктері ағымдағы жылдың сәуір айында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының кепілдік учаскелері мен елді мекендердің көшелерінде ақаулардың болуына байланысты жыл сайын комиссиялық тексеру жүргізеді. Тексеру қорытындысы бойынша ақауларды кепілдік міндеттемелер аясында мердігер ұйымдар жойып, қолға алатын болады.