Ауыз су мәселесі қаралды

Облыс әкімі А.Мұхамбетовтың қатысуымен қала және аудан әкімдерінің селекторлық кеңесі өтті. Онда облыстың елді мекендерін санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қаралды.
Биылғы 15-сәуір мен 18-маусым аралығында елді мекендерде санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілмек. Сондай-ақ, облыста 2021-2025 жылдары 28 762, 5 гектарға ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Биылғы меже 677 гектар. Ауылдарды таза ауыз сумен қамту мәселесі де күн тәртібінен түскен емес. «Нұрлы жер», «Ауыл – ел бесігі», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламалары аясында биылдыққа ауылды сумен жабдықтауға арналған 34 жоба іске асырылмақ. Оның ішінде 19 жоба 2020 жылдан өтпелі және 15-і жаңа жоба. Осы мақсатта бюджеттен 10 677 млн теңге бөлінген. Сондай-ақ, 104 ауылға тасымалданатын суды тарату үшін 105 пункт орнатылады. Осылайша, биылғы жылдың соңына қарай ауыл халқын сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу 64,7%-тен 75,0%-ке дейін, елді мекендерде 36,1%-тен 59,9%-ке дейін өседі.
Кеңестің қорытындысында облыс әкімі санитарлық тазалау кезеңінде барлық іс-шараларды өткізіп, кондоминиум объектілерін тіркеуді жүргізуді тапсырды.
Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓