Келелі келісімге қол қойылды

Қостанай облысы әкімдігінің, «Қостанай облысының кәсіптік орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және Қостанай облысындағы кәсіпкерлік қызметіне жәрдем беру қауымдастығы арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған
ОБЛЫСТЫҚ КЕЛІСІМ
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын іске асыру шеңберінде бұдан әрі тараптар деп аталатын Қостанай облысының әкімдігі (бұдан әрі – әкімдік), Қостанай облысының кәсіподақ орталығы (бұдан әрі – жұмыскерлердің өкілдері) және Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы тарапында жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер бірлестігі (бұдан әрі – жұмыс берушілердің өкілдері) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық бағыттары бойынша анағұрлым ауқымды және іргелі жұмыстарды бастау қажет деп есептейді.
Осыған байланысты тараптар Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау негізінде әрекет ете отырып, «Қазақстан-2050» стратегиясын, Қазақстанның үшінші жаңғыруы және Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде, әлеуметтік әріптестікті дамыту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу және еңбек құқықтарын іске асыру кезіндешығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына немесе дене кемістіктеріне, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге жол бермеу қағидаттарын басшылыққа ала отырып, әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлеріндегі үш жақты келіссөздер мен консультациялар барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды сақтауға міндеттене отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің негізінде 2021-2023 жылдары әлеуметтік-еңбек қатынастарын және олармен байланысты экономикалық қатынастарды  реттеудің негізгі бағыттары бойынша Тараптардың келісілген ұстанымдарын айқындайтын 2021-2023 жылдарға арналған осы келісімді (бұдан әрі − Келісім) жасасты.
 
бөлім
Экономиканы жедел технологиялық жаңғырту
 
Тараптар:
  1.  Цифрлық технологияларды қолдана отырып, жаңа индустрияны құруға ықпал ету.
  2. Төртінші Өнеркәсіптік революцияның элементтерін енгізу есебінен отандық экономиканың дәстүрлі базалық салаларының бәсекелес басымдықтарын кеңейту.
  3. Экономиканы технологиялық жаңарту және цифрландыру жағдайында сұраныс пен ұсыныс теңгерімін қамтамасыз ету есебінен еңбек нарығын тиімді реттеу.
1.4. Бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттыру бағыттарында бірлескен күш жұмсауға міндеттенді.
 
Тараптар жоғарыда көрсетілген мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:
             1.5 Экономика салаларын технологиялық қайта жарақтандыру мақсатында инновацияларды және Төртінші өнеркәсіптік революцияның элементтерін енгізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға.
             1.6. Шетелдік озық технологиялар трансферттеріне және әлемдік жоғары өнімді компанияларды тартуға жәрдемдесуге.
             1.7. Бизнесті және халықты экономиканы технологиялық жаңғыртуға жедел тарту үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға.
             1.8. Әлеуметтік тұрақсыздыққа және халықтың кірісінің төмендеуіне жол бермеу үшінеңбек ресурстарының құзыреттілігін арттыруды және кәсіпорындардың, салалардың және өңірлердің ішінде және олардың арасындакадрлардың икемді ауысуын қамтамасыз етуге.
             1.9. Экономика салаларын технологиялық жаңарту үшін ішкі және сыртқы инвестицияларды тартуға ынталандыруға.
             1.10. Инвесторлардың мемлекетпен өзара іс-қимылын реттеудіжаңғырту есебінен инвестициялық климатты жақсарту бойынша шаралар қабылдауға.
             1.11. Тиімділігі жоғары жобаларды қолдау үшін инвестицияларды өндіріске бағыттауғауағдаласты.
 
         Әкімдік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
1.12. Инновацияларды қолдау және инвестицияларды тарту үшін нормативтік құқықтық актілердің әзірленуін қамтамасыз ету.
1.13.  Экономиканы жаңғырту шеңберінде ірі кәсіпорындармен Жол карталарын жасасу және Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының барлық құралдарын пайдалану арқылы еңбек ұтқырлығы және еңбек ресурстарының басқарылатын ауысуы үшін жағдай жасау.
 
         Қостанай облысы жұмыс берушілерінің өкілдері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
1.14.Жаңа, оның ішінде цифрлық технологияларды енгізу кезінде компаниялардың өз кадрларына білім беруді және оларды даярлауды өз бетінше инвестициялауы бойыншажұмысты үйлестіру.
         1.15. Инновациялар және инвестиция тарту саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу.
         1.16. Озық технологияларды енгізуді ескере отырып, кәсіпорындарды негізгі құралдарды жедел жаңартуды жүргізуге тарту.
         1.17. Еңбек нарығында шиеленістіңболуына жол бермеу үшін еңбек ресурстарының ауысуын басқару жүйесін құруға, оның ішінде жұмыс берушілергеәлеуетті босатылатынкадрлардың құзыреттерін дамытуды қамтамасыз ету бойынша көмек шараларын көрсету арқылы ықпал ету.
 
           «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» жұмыскерлердің өкілдері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
1.18. Еңбек нарығында шиеленістің болуына жол бермеу үшін:
– еңбек ұжымдарының арасында экономиканың технологиялық жаңаруымен байланысты еңбек нарығындағы сын-тегеуріндеріндер туралы кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
– өндірісті технологиялық жаңғырту (автоматтандыру, роботтандыру, цифрландыру) шеңберінде еңбек нарығы шиеленісті бәсеңдету жөнінде ұсыныстар әзірлеу жолыменеңбек ресурстарының ауысуын басқару жүйесін құруға ықпал ету.
 
II бөлім
Бизнес ортаны түбегейлі жақсарту
  1. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсететін қызметтердің өндіріс көлемін арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру негізі ретінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасауға.
  2. Бизнесті ашу және жүргізу үшін шығындар мен кедергілердің барлық түрлерін төмендетуге.
  3. Кәсіпкерлік бостандық және бәсекелестікті дамыту үшін бағалық және тарифтік сөзбайласудың алдын алуға.
  4. Мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендетуге, экономиканың тиімді жеке секторын құруға және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуға дамытуға бағытталғанбірлескен күш жұмсауға міндеттенді.
 
         Тараптар жоғарыда көрсетілген мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:
2.5. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын тиімді іске асыруға жәрдемдесуге.
2.6. Экономиканы әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттіліктіңөсуін
қамтамасыз ететін оның басым секторларын дамытуға.
2.7. Бизнес-ортаны жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеуге уағдаласты.
         Әкімдік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында  өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
 
2.8. Бизнесті реттеуді азайту бойынша бірлескен жүйелік шараларды қабылдау.
2.9. Жеке сектордың іскерлік белсенділігін ынталандыру және бизнес-ортаны жақсарту бойынша шаралар қабылдау.
2.10. Жағдай мен қалыптасқан тәжірибеге сүйене отырып, бәсекелестік мәселелері бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасын жетілдіру бойынша тараптардың келісілген ұсыныстарын енгізу.
2.11. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының, реттеліп көрсетілетін қызметтер мен тарифтердің бағаларына мониторинг жүргізу. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуі анықталған жағдайларында өңірлерде құрылған әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы бірінші кезекте қажет тауарларды әртараптандыруды жүргізу.
Қостанай облысы жұмыс берушілерінің өкілдері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
2.12. Кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою және бизнесті дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға жәрдемдесу мақсатында мемлекеттік органдардың өкілдерімен жалпы іс-шаралар өткізуге бастамашылық жасау.
2.13. Кәсіпкерлікке қатысты заңнамалық актілер жобаларына сараптама жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамалық базасына сындарлы ұсыныстар енгізу.
           «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» жұмыскерлердің өкілдері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
2.14. Бизнес-ортаны жақсарту, оның ішінде еңбек қатынастарын реттеу бөлігінде ұсыныстар әзірлеу.
 
III бөлім
Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға
және еңбек өнімділігін арттыруға жәрдемдесу
  1. Жоғары өнімділікпен, қауіпсіз еңбек жағдайларымен, еңбекақы мөлшерін реттеумен сипатталатын жаңа жоғары сапалы жұмыс орындарын құруға.
  2. Нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге.
  3. Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту арқылы еңбек ресурстарының сапасын арттыруға.
  4. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғыртуға.
  5. Шетелдік жұмыс күшін тартуды квоталау арқылы ішкі еңбек нарығын қорғауға міндеттенді.
 
Тараптар жоғарыда көрсетілген мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:
  1. Жұмыспен қамтуды реттеу тетіктерін жетілдіру бойынша шаралар қабылдауға, оның ішінде жұмыспен қамтудыресмилендіруді ынталандыруға.
  2. Білім беру жүйесінің мазмұнын кәсіптік стандарттардың негізінде экономиканың даму қажеттіліктеріне орай бейімдеуге және еңбек ресурстарының құзыреттілігін дамыту үшін жағдай жасауға.
  3. Экономиканың технологиялық жаңаруын есепке ала отырып, жұмыскерлердің үздіксіз кәсіптік дамуын, кәсіптік дайындығын және қадрларды қайта даярлауды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыруға.
  4. Еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғырту бойынша цифрлық тәсілдерді пайдалануға уағдаласты.
 
Әкімдік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
3.10. Тараптардың пікірін ескере отырып, еңбек нарығы саласындағы нормативтікқұқықтық актілерді әзірлеуге және жетілдіруге Тараптарды тарту.
3.11. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытубағдарламасын іске асыруға жалпы үйлестіруді және оның мониторингін жүзеге асыру.
3.12. Жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеуге және қосымша жұмыс орындарын құруға бағытталған бағдарламаларды іске асыру.
 3.13. Тараптардың ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету.
3.14. Еңбек нарығы бойынша жан-жақты толық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, халықты кәсіптік бағдарлау жүйесін жетілдіру.
3.15. Жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген адамдарды жұмыспен қамтуға ықпал ететін іс-шараларды жүзеге асыру.
3.16. Еңбек заңнамасының сақталуына бақылауды күшейту бойыншашаралар қабылдау.
 
Қостанай облысы жұмыс берушілерінің өкілдері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
3.17. Кәсіптік білім беруді жаңғыртуға және кәсіптік стандарттарды әзірлеуге бизнестің қатысуына ықпал ету.
3.18. Біліктілікті тәуелсіз сертификаттау жүйесі енгізуге көмек көрсету.
3.19. Кәсіпорындарда дуальді оқыту жүйесін енгізуге және тәлімгерлік институтын таратуға жәрдемдесу.
3.20. Жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру үшін ұсыныстар енгізу.
3.21. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және жаңартуға қатысу.
3.22. Азаматтарды жұмысқаорналастыруға жекеше жұмыспен қамту агенттіктерін тартуғажәрдемдесу.
3.23. Кәсіпкерлік субъектілерінің арасында еңбек қатынастарын заңдастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу.
3.24. Әкімдіктерге ірі кәсіпорындарда қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау және оларды кейіннен жұмысқа орналастыру бойынша жол карталарын әзірлеуге көмек көрсету.  
 
«Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» жұмыскеркерлердің өкілдері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
3.25. Салалық біліктілік шеңберін, кәсіптік стандарттарды әзірлеуге қатысу және «өмір бойы оқыту» қағидатын іске асыру үшін жұмыскерлерді өзін-өзі дамытуға ынталандыру.
3.26. Жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыру, оның ішінде кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізу.
3.27. Лайықты өмір жағдайларын жасауға бағытталған жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге, қалыптастыруға және мониторингілеуге қатысу;
3.28. Еңбек шарттарын жасасу, Тараптар белгілеген еңбек шартының шарттарынөзгерткен, оның ішінде жұмыскерлерді босатқан, еңбек қызметі процесінде жеңілдіктер, кепілдіктер және өтемақы ұсыну, ұйым қайта құрылған және тараған кезде еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.
3.29. Жастар еңбек жасақтарының жұмысы үшін уақытша және маусымдық жұмыс орындарын ұсынуға жәрдемдесу.
 
IV бөлім
Адами капиталдың сапасын жақсарту
Тараптар:
4.1. Тиімділікке, қаржылық тұрақтылыққа және әлеуметтік-экономикалық өсуді қолдауға бағытталған ұлттық денсаулық сақтау жүйесін:
– аурулар профилактикасы мен басқарудың интеграцияланған тәсілі негізінде қоғам денсаулығын сақтау жөніндегі жаңа саясатты енгізу;
– денсаулық сақтау жүйесін басқару мен қаржыландыру тиімділігін арттыру;
– медициналық және фармацевтикалық білім мен ғылымды жаңғыртуға;
– денсаулық сақтау жүйесін қажетті цифрландырумен және ақпараттандырумен қамтамасыз етуарқылы жаңғырту.
4.2. Әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жаңғыртуға, оның ішінде:
– халыққа арналған ең төменгі әлеуметтік стандарттарды кезең-кезеңімен жақсартуға бағдарланған өмір сүру сапасын және толықтай әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін әлеуметтік қамсыздандыру нормаларынарттыруға;
– әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында әлеуметтік қызмет көрсету  саласында бәсекелестік ортаны қалыптастыруға;
– нәтижелі және формализацияланған жұмыспен қамтуды ынталандыруға бағытталған зейнетақы жүйесін және әлеуметтік сақтандыруды одан әрі дамытуға;
– халықтың күнкөрісі төмен топтарына әлеуметтік көмек көрсету кезіндеатаулылықты күшейтуге;
– арнаулы әлеуметтік қызметтердің атаулылығын, қолжетімділігін және сапасын күшейтуге бағытталғанбірлескенкүш жұмсауға міндеттенді.
 
Тараптар жоғарыда аталған мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:
4.3. «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасын іске асыруға жәрдемдесуге.
4.4. «Өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілету және қашықтағы, ауылдық өңірлердегі білім алушылар үшін оқу жағдайын теңестіру үшін қажетті жағдайлар жасауға.
4.5. Өңірдің индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын есепке ала отырып, техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңартуға жәрдемдесуге.
4.6 Білім саласында мемлекеттік-жеке әріптестікті кеңейту және жеке инвестицияларды тарту.
4.7. Ғылыми зерттеулер мен технологиялардың нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдайдың жасалуына ықпал етуге.
4.8. Педагог кадрлардың беделін көтеруге және оларды ынталылығынарттыруға.
4.9.Мемлекеттік-жекешелік әріптестік және заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізінде денсаулық және білім беру инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз етуге.
4.10. Деректер мен процестерді кешенді цифрландыруға негізделген денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігін, сапасын, қауіпсіздігін, тиімділігін, тұрақтылығын және пациентке бағдарлануын арттыруға жәрдемдесуге.
4.11.Міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуге.
4.12. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын анықтау әдістемесін жетілдіруге.
4.13. Қалыптасқан практиканы зерттеуге және әлеуметтік қамсыздандырудың қолданыстағы тетіктерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындауға.
4.14. Ең төменгі әлеуметтік стандарттардың сапасын жақсартуға. Ең төменгі әлеуметтік стандарттардың сапасына және оларды халықаралық стандарттар мен нормативтерге сәйкестігіне жүйелі түрде бағалауды (мониторинг) жүзеге асыруға.
4.15. Мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктерін, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін және азаматтардың жеке жауапкершілігін қиыстыруға.
4.16. Мүмкіндіктерге қарай Ұлы Отан соғысыныңмүгедектері және қатысушылары, оларға теңестірілген адамдар әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге (қоғамдық көлікте тегін немесе жеңілдікпен жүру, баспананы жөндеу, отынмен қамтамасыз ету, тісті протездеу, санаторий-курорттық емдеуге жолдама беру, материалдық көмек көрсету және т.б.).
4.17. БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің басты қағидаттарына сәйкес Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның ережелерін орындау бойынша, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қолжетімді орта құру бойынша  Қазақстан Республикасының міндеттемелерін іске асыруға.
4.18. Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша:
– ана мен баланықорғауды қамтамасыз етуге, әйелдерді әлеуметтік қолдауға, әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы гендерлік мәселелерді шешуге;
– балаларды күтудіжәне олардың тәрбиесімен айналысатынерлер мен әйелдерді теңдей құқықтарда қолдауға уағдаласты.
 
Әкімдік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында өзіне мынадай міндеттерді қабылдайды:
4.19. Сыни тұрғыдан ойлау қабілетінжәне ақпараттыдербес іздеу дағдыларын дамытуға оқу бағдарламаларының мақсатты бағытталуы бойынша шаралардыіске асыру.
4.20. Қала және ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасындағыалшақтықты азайту.
4.21. Білім берудің барлық деңгейлерінде үш тілділікті кезең-кезеңімен енгізуді қамтамасыз ету.
4.22. Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарды, сондай-ақ еңбекке қабілетті жастағыкәсіптік білімі жоқ адамдарды тегін білім берумен қамтамасыз ету.
4.23. Белгіленген экономика шеңберінде жаңа өндіріс мамандарын даярлау үшін кәсіптік білім беру жүйесін дамыту бойынша шараларды іске асыру.
4.24.Еңбек нарығындағы еңбек ресурстарына деген нақты қажеттілікті ескере отырып, кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және білім беру бағдарламалары мазмұнының кәсіптік стандарттардың талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету.
4.25. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жеке медициналық ұйымдарға бәсекелестікті дамыту үшін тең жағдай жасау.
4.26. Ілеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне халықтың әлеуметтік осалтоптарының қатысуын қамтамасыз ету.
4.27. Денсаулық сақтау саласында жүргізіліп жатқан реформалар бойынша кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу.
4.28. Әлеуметтік кепілдіктерге, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне және азаматтардың жеке жауапкершілігіне негізделген мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды қамтамасыз ету:
– атаулы әлеуметтік көмек көрсету және халықтың күнкөрісі төмен топтарынәлеуметтік қолдау арқылы азаматтарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру бойынша;
– әлеуметтік төлемдер көздерін әртараптандыру есебіненбарлық деңгейдегі жұмыскерлердің әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін арттыру бойынша.
4.29. Күнкөрісі төмен азаматтар мен отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету.
4.30. Әлеуметтік қатер туындаған жағдайда жұмыс істейтін халықты:
– міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржылық тұрақтылығын сақтау;
– әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнаманың талаптарын сақтау үшін жауапкершілікті арттыру (міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптікзейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды уақытында және толық төлеу);
– еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан жұмыскердіміндетті сақтандырумен барынша қамтуды қамтамасыз ету арқылы әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру.
 
Қостанай облысы жұмыс берушілерінің өкілдері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
4.31. Мамандандырылған салалық дағдылары мен жоғары біліктілігі бар кадрларды даярлауға,  жұмыскерлерді ілгерілетіп кәсіптік оқытуды, даярлауды және қайта даярлауды, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыруға жәрдемдесу.
4.32. Ұйым жұмыскерлерін өндіріс ішіндеоқытуды, сондай-ақ жұмыскерлерді ілгерілетіп кәсіптік оқытуды дамытуға ықпал ету.
4.33. Білім беруге және денсаулық сақтауға жеке инвестицияларды тартуға ықпалету.
4.34. Адамның мүмкіндігін және еңбек ету қабілеттілігін арттыру бойынша саясатты және практиканы әзірлеп, пайдалану арқылы адами капиталдың дамуына ықпал ету;
4.35. Қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасу кезінде олардың кәсіподақ мүшелігіне кіруі және кәсіподақ қызметіне қатысуы кедергі болмайды.
 
«Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» жұмыскерлердің өкілдері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
4.36. Өмір бойы үздіксіз білім алу бойынша білім беру жүйесінің беделін арттыру және білім беру мен педагог кадрларды даярлау сапасын арттыру бойыншаіс-шараларды жүргізу.
4.37. Халықтың денсаулығын қорғау үшін азаматтың, жұмыс берушінің және мемлекеттің ортақ жауапкершілігі қағидатының негіздерін түсіндіру
іс-шараларын жүргізу.
4.38. Әлеуметтік әріптестермен әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнаманың негіздерін түсіндіру бойынша бірлескен семинарлар өткізу.
4.39. Ұжымдық шарттар мен келісімдерге әйелдердің, жастардың және мүмкіндігі шектеулі адамдардың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін енгізу бойынша жұмыс жүргізу.
 
V бөлім
Еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік
 
Тараптар:
           5.1. Жұмыскердің өмірі мен денсаулығын сақтау басымдығын қамтамасыз етуге.
           5.2. Жұмыскердің лайықты еңбекке құқығын іске асыру үшін еңбек қызметі процесінде жағымды еңбек жағдайларын жасауға.
           5.3. Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ еңбек жағдайларынжәне еңбекті қорғауды жақсарту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға.
           5.4. Кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігінің және еңбектің қорғалуын сақтауды ішкі бақылаудың тиімділігін арттыруға.
  5.5. Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға.
5.6. Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етуге.
5.7. Өндіріс және тұтыну қалдықтарының қоршаған ортаға жағымсыз әсерін төмендетуге.
5.8. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қоршаған ортаның сапасын жақсартуға бағытталған бірлескен күш жұмсауға міндеттенді.
 
Тараптар жоғарыда аталған мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:
5.9. Мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының,жұмыс берушілер бірлестіктері мен кәсіптік одақтардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаумәселелері жөніндегі еңбек заңнамасының сақталуынамемлекеттік және қоғамдық бақылауды жүзеге асыру бойынша өзара іс-қимылын жүзеге асыруға.
5.10. Жұмыскерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қауіптердің алдын алу немесе оларды төмендету мақсатында кәсіптік қатерлерді басқару жүйесін жетілдіруге.
5.11. Статистикалық есептілікті жетілдіруді қоса алғанда, еңбек жағдайлары мен еңбектіңқорғалуына мониторинг жүргізу жүйесін дамытуға.
5.12.Кәсіптік аурулардыңпрофилактикасы, оларды ерте анықтау және күнделікті өндірістік практикаға кәсіптік қатерлерді басқару тетіктерін енгізу шараларын қоса алғанда, жұмыскерлердің өмірін және денсаулығын сақтаужөніндегі іс-шараларды іске асыруға.
5.13. Жұмыскерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қатерлердің алдын алуға немесе оларды төмендетуге, кәсіпорындарда еңбектің қорғалуын және еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған ғылыми-зерттеу және талдамалық жұмыстарды жүргізуге ықпал етуге.
5.14. Республика кәсіпорындарында және ұйымдарында өндіріс жағдайларында ғылыми зерттеулердіңапробациясын жүргізуге және нәтижелеріненгізугежәрдемдесуге.
5.15. Еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі бірлескен іс-қимыл жасау үшін ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестерді құруға ықпал етуге.
5.16. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы техникалық регламенттерді,мемлекеттік нормативтерді және стандарттарды әзірлеу жөніндегі ғылыми-техникалық кеңестерде, техникалық комитеттерде және жұмыс топтарында бірлескен жұмыс жүргізуге.
5.17. Өндірістік жарақаттануды және кәсіптік ауруларды төмендету үшін еңбекті қорғау, өндірістік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы жаңа инновациялық технологияларды және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін пайдалануға.
5.18. Халықаралық еңбек ұйымының АИТВ/ЖИТС және еңбек саласы туралы (№ 200) ұсынымдарын ілгерілету бойынша шаралар қабылдауға.
5.19. «Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына жәрдемдесетін негіздер туралы» Халықаралық еңбек ұйымының № 187 Конвенциясын іске асыру жұмысын жалғастыруға.
5.20. Өзара қызығушылық тудыратын еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемалары бойынша симпозиумдарды, ғылыми-практикалық конференцияларды, семинарларды, кеңестерді және басқа да іс-шараларды өткізуге.
5.21. Халықтың барлық топтары арасында экологиялық білімді таратуға және экологиялық ынталандырылған мәдени дағдыларды қалыптастыруға.
5.22. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау мен дамытуға.
5.23. Қоршаған ортаны қорғаумен және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешуде қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың және бизнес-қоғамдастықтардың тиімді қатысуын қамтамасыз етуге уағдаласты.
 
Әкімдік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
5.24. Өндірістегі жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан міндетті әлеуметтік сақтандыру, жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбектің қорғалуына байланысты сақтандыру тарифтерін қалыптастыру жүйесін жетілдіру.
5.25. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы мен  жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысын жұмыс орнындағы нақты еңбек жағдайларына байланысты беру тәсілдерін жетілдіру.
5.26. Тиісті кәсіптік стандарттарды және заманауи технологияларды пайдалануды ескере отырып, еңбекті қорғау саласындағы мамандарды даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру.
5.27. Еңбек жағдайларын бағалау және жұмыс істеушілердің денсаулығын жақсарту, кәсіптік қатерлерді анықтау мен бағалау және оларды басқару жүйелерінің тиімділігін арттыру мақсатында нормативтік құқықтық базаны жетілдіру.
5.28. Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да мәселелерінкелісілген түрде шешу.
5.29. Халықаралық нормалармен және стандарттармен қажетті үйлесімділігін ескере отырып, сақталуы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін нормативтік-техникалық құжаттарды қабылдау.
5.30. Өндірісқауіптілігініңклассификациясынегізінде қатерлерді басқару жүйесін құру.
5.31. Қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдар басшыларын, мамандары мен жұмыскерлерін аттестаттаужәне олардың білімін тексеру рәсімдерін жетілдіру.
5.32. Өнеркәсіптік және экологиялық қадағалау жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру.
5.33. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етусаласындағыхалықаралық ынтымақтастықты дамыту.
 
Қостанай облысы жұмыс берушілерінің өкілдері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
5.34. Өнімділігі жоғары, еңбек жағдайлары қауіпсіз жаңа жұмыс орындарын құру бойынша шаралар қабылдау.
5.35. Өндірістік жарақаттануды төмендетуге және кәсіптік аурулардың туындауының алдын алуға бағытталған шаралар кешенін іске асыру.
5.36. Еңбек жағдайлары мен еңбектіңқорғалуын жақсарту бойынша отандық және шетелдікозық жұмыс тәжірибесіненгізу.
5.37. Еңбек ұжымдарымен міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша кездесулер ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау.
5.38. Өз қызметкерлері үшін қолайлы еңбек және әлеуметтік жағдайлар жасауға ықпал ету.
5.39. Еңбекті қорғау жөніндегі персоналды қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып оқытуға, кешенді даярлауға және еңбекті қорғау жөніндегі құқықтық мәдениетті арттыруға, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларды төмендетуге бағытталған алдын алу іс-шараларын жүргізу жөнінде шаралар қабылдау.
5.40. Заңнамаға сәйкес жұмыскерлердің медициналық тексеріп, қаралуын және жұмыскерлердің мерзімдік медициналық тексеріп қаралуының нәтижелері бойынша ұсынымдарды толықтай орындау.
5.41. Жұмыс орындарынеңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды уақытындажүргізу және ауыр, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары үшін жұмыскерлерге заңнамада көзделген жеңілдіктер мен өтемақыларберу.
5.42. Еңбек заңнамасының талаптарына сәйкестігін ерікті декларациялау бойынша жұмыс жүргізу.
5.43. Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінде, қағидаларында, нұсқаулықтарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтау.
5.44. Қоршаған ортаға техногендік сипаттағы факторлардың жағымсыз әсерін төмендету.
5.45. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағымамандарды, жұмыскерлерді даярлауды, қайта даярлауды және білімін тексеруді қамтамасыз ету.
 
«Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» жұмыскерлердің өкілдері өздеріне мынадай  міндеттемелерді қабылдайды:
5.46. Тиісті кәсіптік стандарттарды ескеріп, заманауи технологияларды пайдалана отырып, еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторларды даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру.
5.47. Еңбекті қорғау талаптарын сақтауға, өндірістік жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың алдын алуға бағытталған бірлескен іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестерді құруға және олардың жұмысына қатысу.
5.48. Жұмыскерлердің еңбек және санитариялық-гигиеналық жағдайларын жақсарту бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға, сондай-ақ өндірістік жарақаттануды және кәсіптік аурулардыңалдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды жүргізуге қатысу.
5.49. Жұмыс берушімен бірлесіп, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласында ортақ бақылауды және тиімді өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
5.50. Қаржыландыруға қатысу арқылы жұмыскерлерді, ең алдымен, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерді сауықтыру, атап айтқанда санаторий-профилакторийлерде, санаторий-курорттық мекемелерде сауықтыру бойынша емдік-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға ықпал ету.
5.51. Кәсіподақ ұйымдарының мүшелері арасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу.
5.52. Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, инциденттер туралы ұйым әкімшілігіне шұғыл түрде хабарлау.
5.53. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, экологиялық білім мен тәрбиені дамыту.
5.54. Ұжымдық шарттар мен келісімдерге зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмысшыларға заңнамаға сәйкес қосымша жеңілдіктер мен өтемақыларды енгізу жөніндегі жұмысты жүргізу.  
5.55. «Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін» өткізуге қатысу.  
 5.56.   Жазатайым оқиғаларды, топтық және ауыр немесе өлiмге апарып соқтырған жазатайым оқиғаларды тексеруде өзінің өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету.
5.57. Салалық және өңірлік үшжақты келісімдерде және ұжымдық шарттарда бекітілген шарттарда және тәртіппен Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізуді жандандыру.
 
VI бөлім
Әлеуметтік әріптестік
 
Тараптар:
6.1. Консультациялар өткізуге, салалық, өңірлік деңгейде келісімдер, ұжымдық шарттар жасасу тәжірибесін, сондай-ақ әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қостанай облыстық үшжақты комиссия (бұдан әрі – Комиссия) отырыстарында талдау нәтижелерін қараумен әлеуметтік әріптестік органдарының жұмыс практикасына мониторинг пен талдау жүргізуге.
6.2. Әлеуметтік әріптестік тараптарының консультациялары мен келіссөздері кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жариялауға, өзіне алынған міндеттемелерді орындау жағдайы туралы ақпаратты жариялауға.
6.3. Ұжымдық еңбек дауларын реттеу, еңбек қатынастары саласындағы бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша барлық байланысты шараларды жүргізуге.
6.4. Тараптардың әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын дамыту бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге.
6.5. Кәсіптік одақтар мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің қызметіне араласпау,оларды құруға және жұмыс істеуіне кедергі болмаутуралы заңнамалық және жалпы мойындалған халықаралық нормалар мен қағидаларды сақтауға.
6.6. Халықаралық еңбек ұйымының еңбек стандарттарын іске асыруғажәрдемдесуге.
6.7. Қазақстан Республикасында лайықты еңбек қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге, нақты жалақы деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар кешенін іске асыруға, кіріссаясатын жетілдіруге және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға.
6.8. Халықаралық еңбек ұйымының конвенциялары мен ұсынымдарына сәйкес облыстық комиссия туралы жаңа ережені қабылдауды көздейтін әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияны (бұдан әрі – ОҮК) жаңғыртуғабағытталғанбірлескен күш жұмсауға міндеттенді.
 
Тараптар жоғарыда көрсетілген мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін:
 
6.9. Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу қағидаттары негізінде өзара қарым-қатынасты дамыту, Келісімдеайқындалған міндеттемелер мен уағдаластықтарды сақтауға.
6.10. Дүниежүзілік экономикалық форумның Жиһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің (бұдан әрі – ДЭФ ЖБИ) «Еңбек нарығының тиімділігі» факторының көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған шараларды іске асыруға.
6.11. Кәсіподақтардың, жұмыс берушілер ұйымдары және олардың бірлестіктерінің қызметіне кепілдік беру мен  құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегіХалықаралық еңбек ұйымының конвенцияларын, Қазақстан қатысушысы болып табылатын басқа да халықаралық шарттарды және ұлттық заңнаманы бұзудың анықталған фактілерінжою шараларын қабылдау мақсатындаолар туралы ақпарат алмасуға.
6.12. Елдің кәсіпорындары мен ұйымдарында әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеумен қамтуды кеңейтуге жәрдемдесуге.
6.13. Облыстық және республикалық деңгейде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының ұйымдастыру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз ету, сонымен қатар облыстық деңгейде лауреаттарды белгілеу және марапаттау.  
6.14. Салалық және өңірлік деңгейлердегі келісімдерді  әзірлеуге және қабылдауға  қатысу үшін тепе-теңдік негізде жұмыс берушілердің,қызметкерлердің және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өкілдері қатарынан бақылаушылар тобын қалыптастыруға.
6.15. Келісімдерді әзірлеуге және қабылдауға қатысу бойынша қалыптастырылған бақылаушылар тобы облыстың, қаланың, ауданның салалары бойынша жеке жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ақпаратты жыл сайын жартыжылдық негізде комиссияға қарауға ұсынады.
6.16. 2021 жылы «Еңбек шартын жасаңыз» ортақ акциясын жариялауғажәне өткізуге.
6.17. Әлеуметтік-еңбек жанжалдардың профилактикасы, алдын алу және ескерту бойынша шаралар кешенін қабылдауға.
6.18. Облыстық, салалық және өңірлік келісімдердің, ұжымдық шарттардың орындалуына жыл сайынғы негізде талдау жүргізуге.
6.19. Әлеуметтік әріптестік жүйесінің жұмыс істеуіне талдау жүргізу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссиялар аясында талдау нәтижелері мен тәжірибені қарауды жүзеге асыруға.
6.20. Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын, ұжымдық еңбек дауларын шешу тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды дайындау бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға.
6.21. Өзіне алған міндеттемелерді орындау және өзара бақылауды жүзеге асыру үшін осы Келісімде айқындалған мәселелер бойынша ақпарат, құжаттаржәне материалдар, статистикалық деректер алмасуға.
6.22. Еңбек нормативтерін іске асыруды және кәсіпорындардың еңбекті нормалау жүйесімен қамтылуын кеңейтуді қамтамасыз етуге.
6.23. Тең және бірдей біліктілікке сәйкес келетін жұмыстарды орындау кезінде шетелдік және отандық жұмыскерлер арасында еңбекке ақы төлеу саласындағы теңдік және мүмкіндік қағидаттарын сақтауға.
6.24. Экономика салаларында еңбекке ақы төлеу жүйесінің негізгі қағидаттары бойынша келісілген ұсыныстарды әзірлеу жөнінде консультациялар өткізуге.
6.25. Келісімдерде және ұжымдық шарттарда еңбекке ақы төлеу бойынша тиісті міндеттемелерді көздеуге, оның ішінде еңбек жағдайларын зияндылығы мен қауіптілігі дәрежесі бойынша жіктейтін салалық коэффициенттерді қосуды қамтамасыз етуге.
6.26. Әрбір жұмыскердің ұйым қызметінің түпкі нәтижелеріне қосқан үлесін ескеретін және жоғары өнімді еңбекті ынталандыруға бағытталған еңбекке ақы төлеудің тиімді және икемді жүйелерін қолдануға.
6.27. Уақтылы және толық еңбекке ақы төлеу құқығын іске асыру бойынша мәселелерді шешуде атқарушы билік органдарымен, мемлекеттік қадағалау органдарымен өзара іс-қимыл жасауға.
6.28. Еңбекке ақы төлеу мәселелері бойынша заңнаманы іске асыру жағдайына талдау және бағалау жүргізуге, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге келісті.
 
Әкімдік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында өзіне мынадай  міндеттемелерді қабылдайды:
6.29. Әлеуметтік-еңбек қатынастарынжәне олармен байланысты экономикалық қатынастарды реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты ақпаратпен алмасу, консультациялар, келіссөздер, кеңестер, жұмыс кездесулері нысанындақалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз ету.
6.30. Әлеуметтік әріптестікті үйлестіру және салалық және өңірлік деңгейлерде тиімді әлеуметтік диалогқа ықпал ету.
 
Қостанай облысы жұмыс берушілерінің өкілдері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
6.31. Халықаралық еңбек ұйымының №87 «Ассоциация босстандығы және ұйымдастыру құқығын қорғау туралы», №135 «Кәсіпорындағы еңбекшілер өкілдердің құқықтарын қорғау және оларға ұсынылатын мүмкіндіктер туралы» Конвенцияларына сәйкес ұйымдарда жұмыскерлер өкілдерінің еркін қызметі үшін жағдай жасауға жәрдемдесу.
6.32. Еңбек қатынастарын және кәсіпорындардың өндірістік қызметін реттеу мәселелері бойынша еңбек ұжымдарымен тұрақты кездесулер ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау.
6.33. Жұмыс берушілердің еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар жүргізу.
6.34. Жұмыс берушілер арасында еңбек заңнамасын оқыту және түсіндіру, еңбек жанжалдарында келіссөздер жүргізе білу дағдыларын дамыту және консенсусқа қол жеткізу бойынша оқыту тренингтерін өткізу.
6.35. Ұжымдық еңбек дауы туындаған кезде татуластыру рәсімдерін сақтау бойынша шаралар қолдану.
6.36. Келісім комиссияларының тиімді қызмет етуі үшін жағдайлар жасау.
 
«Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» жұмыскерлердің өкілдері өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:
6.37. Жұмыскерлер арасында еңбек заңнамасының негізіне оқытуды және түсіндіруді, еңбек жанжалдарындакеліссөздер жүргізу дағдыларын дамыту консенсусқа қол жеткізу бойынша оқыту тренингтерін өткізу.
6.38. Ұжымдық еңбек дауларын қолданыстағы заңнама шеңберінде шешужәне заңсыз ереуілдерді, жиындарды, наразылық акцияларын өткізуге жол бермеубойынша шараларды қабылдау.
6.39. Жеке еңбек дауларын шешудің қалыптасқан практикасын зерделеу және оларды шешу бойынша ұсыныстар дайындау.
6.40.Ұжымдық шарттарды жасасуға бастамашылық жасайды және ұжымдық-шарттық науқанды дайындауға және өткізуге қатысады.Ұжымдық шарттар жобасының құқықтық сараптамасын өткізеді.
6.41. Осы келісімнің медиасүйемелдеуін ұйымдастыруға қатысады.
6.42. Азаматтардың еңбек құқықтарын бұзуды ескертуге және еңбек қатынастарын реттеуге бағытталған ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысына қатысады.
 
VII бөлім
Қорытынды ережелер
 
Осы Келісімнің ережелерін Тараптардың орындауын үйлестіру мақсатында Тараптар төмендегілер туралы уағдаласты:
7.1. Осы Келісім 2021 жылғы _________ бастап күшіне енеді және жаңа Келісім жасалғанға дейін қолданылады.
7.2. Облыстық келісім мемлекеттік органдарға, жұмыскерлермен олардың өкілдеріне, меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс берушілерге, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, шетелдік азаматтар немесе шетелдік заңды тұлғалар не шетелдің қатысуы бар заңды тұлғалар мүлкінің меншік иелері, құрылтайшылары (қатысушылары) немесе акционерлері болып табылатын ұйымдарға, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне қолданылады.
7.3. Тараптар Келісімді 2021-2023 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында келісілген әлеуметтік-экономикалық саясаттыжүргізу жөніндегі басым бағыттарды және қажетті іс-қимылдарды белгілейтін әлеуметтік әріптестіктің негізгі құжаты ретінде мойындайды.
7.4. Келісім ұйымдарда және кәсіпорындарда салалық және өңірлік келісімдерді, ұжымдық шарттарды жасау және келіссөздер үшін негіз болады.
7.5. Тараптардың Келісім бойынша міндеттемелері және Комиссия ұсынымдары (шешімдері) салалық және өңірлік келісімдер мен ұжымдық шарттар жасау кезінде ескерілуге тиіс.
7.6. Кейінгі жылдарға арналған облыстық келісім 2024 жылғы
1 сәуірден кешіктірілмей жасалады.
7.7. Комиссия шешімдері осы Келісімді іске асыру нысаны болып табылады.
7.8. Облыстық келісімнің орындалу барысын бақылауды Тараптар Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның ережесінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.
7.9. Тараптардың бірінің ұсынысы бойынша Келісімге Тараптардың өзара келісімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар жеке хаттамалармен ресімделеді және қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
7.10. Тараптарға салалық және өңірлік келісімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе Бас келісімге сәйкес жаңаларын жасау қажет.
7.11. Тараптар Келісімде көзделген өзіне алған міндеттемелерді орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
7.12. Тараптар нақты мерзімдерін және орындауға жауаптыларды көрсете отырып, қабылданған міндеттемелерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді, оны Комиссия бекітеді.
7.13. Комиссияның жұмыс тобы Келісімнің орындалу барысы туралы ақпарат дайындайды. Келісімнің орындалу барысын Комиссия жартыжылда бір рет қарайды.
7.14. Тараптар Облыстық үшжақты комиссияның қызметін және Келісімді іске асыру барысын жариялау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында әлеуметтік әріптестікті дамытуға және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-еңбек қатынастары проблемаларына арналған материалдардың үнемі жарияланып тұруын қамтамасыз етеді.
7.15. 2021 жылғы «    » __________ Қостанай қаласында ___ данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды. Қол қоюға қатысушылардың әрқайсысында Келісімнің бір-бір данасы болады.
 
Осы Келісімге мыналар қол қойды:
Қостанай облысы әкімдігінің атынан
 
 
Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің атынан
 
Жұмыс берушілер бірлестігінің атынан
Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары
 
Қостанай облысыКәсіподақ орталығының төрайымы
 
Қостанай облысындағы кәсіпкерлік қызметіне жәрдем беру қауымдастығының директоры
 
Ғ. Нұрмұхамбетов
 
 
И. Аронова
 
 
В. Шмонина
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓