Игілікті іске ел риза

Су – тіршілік көзі. Таза ауыз су көптеген ауылдықтың көкейкесті мәселесі екені белгілі. Ұзақ жыл тіршілік нәрінен тапшылық көрген Федоров ауданына қарасты Пешков ауылы орталықтандырылған су жүйесіне қосылды. Ауылға енді су құбыры тартылып, ел қуанышқа кенелуде. Оның ашылуына облыс әкімі А.Мұхамбетов арнайы барып, танысқан болатын. Бұл жобаның жалпы құны 1,458 млн теңгені құрайды.
Осы ауылдың тұрғыны Қ.Сұлтанова үйіне су кіргізіліп, бар жағдай жасалғанына қуанышты. Ол Чкалов көшесінде тұрады. Енді бұрынғыдай емес, су үйге кіріп тұр. Сусыз тіршілік жоқ екені белгілі ғой. Ол барлық игіліктің көзі. Ауылда осындай жағдай жасалса тұрғындардың қуанышы еселене түсері сөзсіз.
Ауылда ауыз су болса бар мәселе шешілді дей беруге болады. Осылайша ел игілікті іске риза. Орталықтандырыған су жүйесіне қосылған ауыл халқы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында бұл керемет сый болғанын айтып ризашылығын білдіруде. Елді-мекенге сапалы ауыз су келіп, енді ауылдың тіршілігі одан бетер жақсаратынына сенімді. Халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған барлық мемлекеттік бағдарламалар ауданда осылайша іске асып жатыр.
Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓