Сындарлы диалог құру үшін

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор өкілдерінің сындарлы қоғамдық диалогын құру мақсатында "Өңірлердегі Министрлік күндері" шеңберінде стратегиялық сессиялар іске қосылды.
Азаматтық қоғам саласында азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Г.Б. Сұлтанованың төрағалығымен "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру жобаларын іске асыру" тақырыбында семинар өтті.
Семинарға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Қостанай облысы бойынша үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында гранттық жобалар мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларының конкурстық рәсімдері мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға түсініктеме берілді, сондай-ақ заңнама нормаларын жетілдіру бойынша түсініктемелер берілді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓