«Биыл 200 жаңа мектеп салуды тапсырамын»
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Президент қазіргі кезде ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны артып келе жатқанын атап өтті. Оларға айрықша қамқорлық керек. Осы орайда Үкіметке нақты қажеттіліктер мен заманауи стандарттарды ескере отырып, қаржыландыру нормативтерін жаңарту бойынша шара қабылдау тапсырылды.
«Nur Otan партиясының сайлау алдындағы тұғырнамасы аясында 2025 жылға дейін 800 жаңа мектеп салуға уәде берілді. Қазірден бастап осы жұмысқа кірісу керек. Биыл 200 жаңа мектеп салуды тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы.