Барымташыларды әйел басқарған

Әулиекөл ауданында мал ұрлаушылар ұсталды. Күдіктілер 8 бас жылқы және 4 бас ІҚМ қолды еткен. Қылмыскерлерді жергілікті полицейлер "Мал ұрлығы" операциясы барысында құрықтады.
Аудандық полиция бөліміне тамыз айынан бастап мал ұрланғаны туралы шағымдар түсе бастаған. Жергілікті тұрғындар жеке шаруашылықтан және иесіз жайылымнан жылқылар мен ІҚМ жоғалғанын хабарлады.
Тәртіп сақшылары жедел тергеу амалдарына кірісті. Әулиекөл аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, подполковник Жансерік Хасановтың айтуынша, тергеушілер Новнежин ауылында тұратын 46 жастағы әйел басқарған қылмыстық топтың ізіне түсіпті. Мұның сыртында әулиекөлдік тағы төрт адамның түр-тұлғасын анықтаған. 
Ұрлық жасау жоспары былайша жүзеге асқан: «Ваз-2107» автокөлігімен ұрылар ауыл-ауылды аралай жүріп, бөтеннің малын оңай олжа қылудың ыңғайын бақылаған. Күдіктілердің бірі малдарды алдын ала белгіленген жерге айдап апарып, қалған сыбайластары қасапшылықпен айналысқан. Мәселен, Шилі ауылында 38 жастағы күдікті өрісте жүрген атты мініп кетіп, соны пайдаланып, басқа ауылдардан мал айдап әкеткен. 
Шилі, Первомай және Диев ауылының жәбірлеушілеріне қарақшылар қасабынан аман қалған малдарын полицейлер қайтарып берді.Тергеу амалдары жалғасып жатыр. ҚР ҚК 188-1-бабы, 3-тармағының ("Мал ұрлығы") санкциясы бойынша, осы қылмысты бірнеше рет жасаған күдікті дүние-мүлкі тәркілене отырып, 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓