Жаңа мәжіліске артылар үміт зор

«Мақсатымыз – озық дамыған елдердің қатарына қосылу. Дамыған ел дегенеміз – ең алдымен, дені сау, білімді жұрт. Сондықтан мемлекеттің басты міндеті – азаматтарымыздың толыққанды дамуына, әл-ауқатының артуына және жайлы тұрмысына жағдай жасау. Біз 2025 жылға қарай әрбір азамат үшін тиімді институтционалдық және инфрақұрылымдық орта қалыптастырамыз», – деді мемлекет басшысы.
Әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салаларға қатысты ауқымды жоспарлар жария етілді. Саяси реформаларды іске асыруда бірізділік сақталуы керегін алға тартты. Олардың бәрі адам құқықтарын қорғауға бағытталатынын тілге тиек етті. Мұның сыртында, жастарды дамыту индексін енгізу жастар арасындағы негізгі сұраныстар мен трендтерді анықтауға ықпал ететінін айтты. Осының бәрі әр қазақстандықтың келешегіне үлкен үміт үстейді. Мұның бәрінің жүзеге асуына ант қабылдаған халық қалаулылары барлық білігі мен күш-жігерін жұмылдырады деген үлкен сенім бар.
Бағдат Оспанов,
Алтынсарин ауданы Мәдениет үйінің директоры
Алтынсарин ауданы Мәдениет үйінің директоры