Шалғай жолға шықпаңыз
Қостанай облысының солтүстік аудандарындағы қатты аяз түсіп, бұрқасын көтерілгендіктен бүгін республикалық маңызы бар тасжолдағы көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Бүгін сағат 21:30-дан бастап республикалық «Мамлютка-Қостанай» А-21, «Екатеринбург-Алматы» тас жолы учаскесінде, Солтүстік Қазақстан облысының шекарасынан Ұзынкөл кентіне дейін қозғалыс уақытша жабылды.Департамент мамандары ауа райының күрт өзгеруіне байланысты облыс тұрғындарын алыс жолға шықпауға шақырады.
«Азаматтарға метеорологиялық мәліметтерді «Дәрмен» қосымшасы арқылы қадағалауға, ауа райының нашарлауына байланысты автожолдардағы қозғалысты шектеуге шақырады. Сонымен қатар бұрқасын кезінде елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды ұсынады.
«Қазгидромет» РМК филиалының деректері бойынша, 2021 жылдың қаңтар айының екінші онкүндігінде ауа температурасы -38 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз, құтқару қызметіне еліміздің барлық өңірлерінде қол жетімді «112» телефонына қоңырау шалыңыз», делінген баспасөз хабарламасында.