Баспаналы болып, қуанышқа кенелді

Тұңғыш Президент күнін мерекелеу қарсаңында, Науырзым ауданының Қарамеңді ауылында 18 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, тұрғындарға көптен күткен кілттер табыс етілді.
WhatsApp Image 2020-11-30 at 11.54.05
Қарамеңді ауылындағы Абай көшесіндегі 18 пәтерлі тұрғын үйді қайта құру нысаны "Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы" бағдарламасы аясында іске асырылды. Жобаның жалпы сомасы 107 589,9 мың теңгені құрайды.
Құрылыс монтаждық жұмыстарына "Алюминстрой" ЖШС мен 103 млн 149 мың 8 жүз теңгеге шарт жасалған. Сондай-ақ, Қарамеңді ауылындағы Абай көшесі, 18 мекен-жайындағы 18 пәтерлі тұрғын үйді абаттандыру және инженерлік коммуникациялар нысаны бойынша жалпы сомасы 32 млн 54 мың 8 жүз теңгеге қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Құрылыс монтаждық жұмыстарына "Алюминстрой" ЖШС-мен 30 млн 732мың 3 жүз теңге сомасына жасалды. Нысан қараша айында дайын болған еді.
– Бүгін мереке қарсаңында қуанышты сәтте тұрмыз. Ауданымыздың тұрғын үй кезегіне тұрған арнайы санатты тұрғындарға пәтерлердің кілттерін табыс етіп, қоныс тойларымен құттықтағымыз келеді. Кезек бойынша аталған 18 пәтерлі үйден ата-анасыз қамқорлығысыз қалған азаматтар, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, ветеринария саласының мамандары, мемлекеттік қызмет саласының мамандары, мәдениет саласының қызметкері, ішкі істер бөлімінің қызметкері, зейнеткерлер мен толық емес отбасылар баспана беріліп отыр.
Біз үшін қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй салу өте маңызды. Мемлекет басшысының тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету тапсырмасын біз уақытында орындауға тырысамыз. Облыс әкімінің қолдауымен бүгінге қуанышқы сәтке де жеттік. Баспана иелеріне құтты болсын айтамын, – деп құттықтау сөзін арнады Науырзым ауданының әкімі Талғат Карбозов.
WhatsApp Image 2020-11-30 at 11.54.13
Осы үйден пәтер алып, баспаналы болып жатқан жанның бірі аудандық аурухана дәрігер-терапевті Күлиям Есілбаева.
Мен аудандық ауруханада дәрігер-терапевт болып жұмыс істеймін. Бүгін Тұңғыш Президент күнін мерекелеу қарсаңында мен осы жаңа үйдегі 2 бөлмелі пәтердің иегері атандым. Осы салтанатты күні барлық тұрғындарды осы қуанышты оқиғамен, жаңа үйге қоныстанумен құттықтаймын. Жаңа қоныс иелерін шын жүректен құттықтай отырып, сіздердің үйлеріңіз әрдайым жылы, жарық және жайлы болсын демекпін, – деп өзінің алғысын жеткізді.
WhatsApp Image 2020-11-30 at 11.54.08

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓