Шенеунік және кәсіпкер

Рудныйда қалалық прокуратура мен кәсіпкерлер палатасы «Шенеунік және кәсіпкер» акциясы аясында бизнес өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.  Кәсіпкерлікті қолдау және оған қатысты заңсыз тексерулерді болдырмау мақсатында өткен жиынға ҚР Бас прокуратурасы мен Солтүстік Қазақстан облысынан келген мамандар қатысты.
npp-news-1402490623Кездесуде қала прокуроры Марат Шуақпаев кәсіпкерлердің құқықтық-ақпараттық қамтамасыз етілуі мен Елбасының кәсіпкерлерді қолдауға қатысты мәлімдемесі аясында жан-жақты ақпарат берді.
Ал ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің прокуроры Құралай Канкина жүзеге асырылып жатқан «Бизнес тірегі» жобасына егжей-тегжейлі тоқталып, жаңадан енгізілгелі отырған «Субъектілер мен объектілерді тексерудің бірыңғай реестрі» жайлы сөз қозғады. Қалалық кәсіпкерлік палатасы өкілдері жыл басынан бері шағын және орта бизнесті тексеру мораторийіне қатысты кәсіпкерлерден ешқандай арыз келіп түспегенін тілге тиек етті. Яғни Елбасының бұл тапсырмасы бұлжытпай орындалып жатыр. Кездесуді қорытындылаған қала прокуроры бизнес өкілдерін заң шеңберінде қызмет етуге үндеп, алыстан келген қонақтарға өз алғысын білдірді.
 
Қуаныш Есқабыл

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓