Жылдың үздік жобасы

ССКӨБ-тің «Ақылды кеніш» жобасы салалық «Алтын Гефест» байқауының лауреаты атанды.MCiUqHp_ppM
Қорытынды кеше Астанада мерейтойлық 25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресі аясында шығарылған болатын. «Жыл жобасы» аталымында «Қашар кенішінің тау-кен көлігі кешенін басқарудың автоматтандырылған жүйесі» атты жұмыс үздік деп танылды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің ақпараты бойынша, жыл сайын «Алтын гефест» ұлттық салалық байқауына 100-ден астам үміткер өтінім білдіреді. Биыл ССКӨБ – солардың қатарында.
«Жыл жобасы» аталымында әлеуметтік-экономикалық әл-ауқат пен өндірістік қайта құруды арттыруға бағытталған әзірлемелер қаралады. Сол себепті де кен алыбының қызметкерлері енгізген инновация жоғары бағаға ие болып, жылдың ең үздік жобасы аталды._%C2%A0Ја%C2%A0¦¤Ґ_ЁҐ ‘‘ѓЏЋ_ERG
Жаңа енгізілім Қашар кенішін 4.0 Индустриясы тұжырымдамасына сай дамытуға мүмкіндік береді. Жобаның элементтері тау-кен көлігі кешенін нақты уақытта автоматтандырылған басқаруды мен диспетчерлендіруді, ГИС, MES және ERP (SAP) жүйелерінің базасында жоспарлаудың біріктірілген орталықтарын, дәл жерсеріктік жайғастыру мен бұрғылау-жару жұмыстарын басқаруды енгізумен байланысты. Нәтижесінде тиімділік көрсеткіштерінің айқындығы мен бақылау қамтамасыз етілді, қызметкерлер жедел есепке алуға, жабдықты қолдану жөнінде шынайы және толық ақпаратқа 100 пайыз қол жеткізеді.
«Ақылды кеніш» жобасын енгізудің нәтижесінде кәсіпорын өндіретін өнімнің экономикалық тиімділігі артты. Еуразиялық Топ бұл технологияны өзінің барлық кен өндіруші кәсіпорындарына енгізетін болады.n10Gt9h8FOA
– ССКӨБ 4.0 Индустриясы технологияларын енгізуге кірісті. Кәсіпорын техникалық қайта жарақтандыруды белсенді жүргізуде. Бұл ретте, экономикалық тиімді жобаларды табысты дамытуға мүмкіндік беретін, осылайша еліміздің тау-кен металлургиялық кешенінің бәсекеге қабілеттілігін нығайтатын ең заманауи технологиялар пайдаланылып жатыр, – дейді «ССКӨБ» АҚ президенті Береке Мұхаметқалиев.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓