“Ақылды” аппарат алып берді

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Туған жер" арнайы жобасының және облыстық "Көркейе бер, Қостанай!" жобасының аясында лисаковтық кәсіпкерлер жылуға ден қойғыш (тепловизор) үш аппарат сатып әперді. Атап айтқанда, Әлихан Борамбаев, Сергей Старков, Сергей Бирваген, Роман Сухин сынды жомарт жандар 445 000 теңгеге SUNCHIP маркалы құрылғыны туған жерге тарту етті.article2893
Аппараттар тұғындар көбірек жиналатын жерлер – қала әкімдігінің фронт-кеңсе мекемесіне, ОӘД операциялық залына және "Лисаковскгоркоммунэнерго" МКК ғимаратына қойылған.
Бұл құрылғы көмегімен қоршаған ортаның температурасына қарамастан адам денесінің қызуын дәл анықтауға болады.
SUNCHIP компаниясының жаңа технологиясы әр азаматтың жеке мәліметтерін сақтайды. Тұлғаны суретке түсіріп, температура көрсеткішін шығарып, маска тағып-тақпағанын көрсетіп, ақпаратты дыбыстап беруге қабілетті. Сондай-ақ, бұл аппарат қызудың көтерілгені, масканың жоқтығы туралы мәліметтерді денсаулық сақтау мекемесінің серверіне тікелей жөнелте алады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓