Қызды курсант құтқарып қалған

Қостанайдағы үлкен көпірден секірген 21 жастағы бойжеткенді академия тыңдаушысы құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. мостКеше кешке оқиға болған тұста ҚР ІІМ Қостанай академиясының курсанты Еркебұлан Төлебеков жүрген.
«Біз жағалау маңында адам жоғалғандығы туралы хабарландыру іліп жүргенбіз. Көпір жиегінде бір қыздың телефонмен сөйлесіп тұрғанын көрдік. Кіші көпірге қарай келе жатқанда оның суға секіріп бара жатқанын байқадық. Бірден полиция бекетіне барып, офицерлерді шақырдық», – деді Еркебұлан.
Сол мезетте екі жігіт қызды құтқармаққа ұмтылады. Алайда, бойжеткенді алып шыға алмаған. Сәлден соң көмекке кезекшілікте жүрген Қостанай облысы ІІД жергілікті полиция қызметінің офицерлері Саян Имамбаев пен Әділжан Жомартов келеді.
«Бастапқыда іркіліп, бір орында тұрып қалдық. Лезде суға қалай секіріп кеткенімді білмей қалдым. Офицерлер де суға түсіп, көмектесті. Қыздың шашынан ұстап, жағаға шығардық. Алғашқы жәрдем көрсетілді. Кейін жедел жәрдем қызметі келіп, ауруханаға алып кетті», – деді Еркебұлан Төлебеков. Ал қазір бойжеткен ауруханада жатыр. Онымен психолог жұмыс істеуде.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓