Рөлі ауыстырылған бірінші көлік

Қостанайда алғаш рет Армениядан әкелінген көлікті қайта жабдықтап, тіркеуге қойды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
көлік Армения
Қостанай облысының мамандандырылған ХҚКО-да алғаш рет рөлі оң жақтан сол жаққа ауыстырылған автокөлік тіркелді. Автокөлік Армения республикасынан әкелінген.
Қостанай облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Андрей Григоревскийдің айтуынша, Toyota Alphard автокөлігі бар екі азамат уақытша есепке қою үшін полицияға арызданған. Өтінішті тіркегеннен кейін көлік құралдарының жүргізушілері "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ Қостанай филиалының сынақ орталығында көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігін тексеру хаттамаларын алды.
– Одан әрі алынған хаттамалармен автокөлік иелері уақытша есепке қою үшін арнайы ХҚКО-ға жүгінді. Бір сағат ішінде оларға техникалық паспорт және сары фонда белгіленген мемлекеттік нөмірлер берілді. Техникалық төлқұжатта "Ерекше белгілер" бағанында автомобильдің рөл механизмі қайта жабдықталғаны туралы белгі пайда болды, – деді Григоревский.
Шетелдік көліктің иесі Сәкен Ғалиев автокөлікті есепке қою ерекше проблемалар туғызбағанын атап өтті.
– Сертификаттау қымбат емес, шамамен 20 мың теңгеге шықты, – дейді ол.
Полиция 1 қыркүйекте армян нөмірлері бар автокөліктерді тіркеу аяқталатынын еске салды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓