ҚҰРБАН АЙТ – қасиетті мейрам
Құрметті қостанайлықтар!
Әлемдік деңгейде тойланатын Құрбан айт адамзатты жақсылыққа, ізгілік пен имандылыққа шақыратын ұлық мереке.
Тәуелсіздік алған уақыттан бергі кезеңде еліміз әлеуметтік- саяси, экономикалық тұрғыдан өркендесе, діни татулық пен ұлттық бірлік – ел дамуының берік негізіне айналды.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев құрған түрлі этностар мен конфессиялардың өзара келісімі моделі дүние жүзіне үлгі болды.
Дәстүрлі діндер адамгершілік қасиеттердің негізін қалап, қоғамның рухани мәдениетін қалыптастырып, мейі-рімділіктің, адалдықтың, жомарттықтың, жанашырлықтың баршаға ортақ құндылықтарын тарататыны сөзсіз.
Егемен еліміздің әрі қарай гүлденуі халқымыздың рухани дамуына тікелей байланысты екеніне сенімдімін.
Құрметті жерлестер!
Құрбан айт күні ойға алған ізгі істеріміз орындалып, әрбір үйге бақ пен дәулет орнай берсін!
Баршаңызға татулық, жақсылық пен құт-береке тілеймін!
Құрбан айт қабыл болсын!
Қостанай облысының әкімі
Н.Садуақасов.