«Асық ойыны» аулада

Арқалықта қазақтың ұлттық «Асық ойыны» кең көлемде насихатталуда. Оған дәлел облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен, қалалық «Іскер жастар кеңесі» ҚБ ұйымдастырумен аула алаңдары арасында өтіп жатқан жарыстар.
Белгілеген ереже бойынша асық ойынына 8 және 14 жас аралығындағы балалар қатысады. Қызықты да тартысты өткен алғашқы аулааралық жарыс қорытындысында Айбек Бегалов пен Жәнібек Әділбек жүлделі екінші-үшінші орындарды иеленіп, ал бірінші орын алған Ілияс Ержанов ақтық мәреге жолдама алды. Жеңімпаздар арнайы мақтау қағазы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
– Мұндай жарыстар алдағы уақытта қаламыздың әрбір аула алаңдарында өтеді. Асық ойыны – бұл біздің ұлттық қазынамыз. Құндылықты жақсы дәріптеп, жас ұрпақтың қызығушылығын ояту – біздің басты мақсатымыз, – дейді жарысты өткізуші облыс-
тық «ҮЕҰ – 2020» әлеуметтік идеялар мен жобалар жеңімпазы, «Арқалық Жастар футбол клубы» ҚБ төрағасы Иманбек Айтқазин.
01 02
Мұрат
     Жүнісұлы
Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓