Билығы тестілеу бұрынғыдан сестілеу
Қостанай облысында ҰБТ өтіп жатыр. Білім сынағы 21 маусымда басталған болатын. Ол 30 маусымға дейін жалғасады. Тестілеу үйреншікті форматта, бірақ қатаң санитарлық шектеу шаралары қадағаланып өткізіледі.
Биыл облыста мектеп бітірген 4418 түлектің 3195-і ҰБТ-ға қатысады деген меже бар. Облыста бірінші болып жітіқаралық талапкерлер білімдерін сынға салып көрді. Қорытындысында 96 түлек электронды сертификатқа ие болған.
Тестілеу өтетін барлық 9 нысан қажетті техникалық құралдармен, ұялы байланысты бұғаулау, металл іздеу аспаптарымен жабдықталған. Сынақ уақыты 4 сағатқа ұзарғанын да айта кету керек. Биыл алғаш рет талапкерлерге калькулятор пайдалануға рұқсат етіледі, ол сынақ басында үлестірілмек.
Комиссия қандай да заңсыздық орын алса, тест тапсырушының барлық нәтижесі толығымен жойылатынын және екінші рет тапсыру мүмкіндігі берілмейтінін ескертеді. 25 тамызға дейін әр аудиториядағы бейнежазбаны мамандар тексереді. Ереже бұзу анықталса, барлық балл ғана емес, ұлытп алынған грант та тартып алынбақ.
Бұл қатаңдыққа қоса, санитарлық талаптың күшейгенін де айта кету керек. Түлектер дезинфекцияның бес кезеңінен өтеді, ол үшін залалсыздандырғыш туннелдер, аяқ киімге арналған кілемшелер қойылған. Одан соң қол тазалау, кіре берісте дене қызуын өлшеу міндет. Сол дерде берілетін масканы тағу да бұлжымас тәртіп. Егер дене қызуы көтерілген қатысушы болса, сынақ тапсыру басқа күнге қалдырылады. Талапкерлер 2 метр қашықтық сақтап отырғызылады.
Ауыл мектептерінің түлектерін тасымалдаруға, тамақтандыру және жатын жермен қамсыздандыруға 7,5 млн теңге бөлінген.
Тақырыбы күшті