COVID-19: +3
Қостанай облысында коронавирус инфекциясының белгілері бар 3 жағдай тіркелді.
(2020 жылғы 14 маусымдағы жағдай бойынша)
Коронавирустық инфекция 1974, 1967 және 1995 жылы туған әйелдерде анықталды. Зардап шеккендердің бірі Нұр-Сұлтан қаласынан Рудный қаласына оралған болатын. Дене қызуы болғандықтан тексерілуден өткен. Басқа екі науқас Қостанай қаласында тұрады. Әйелдер ЖРВИ белгілерімен медициналық мекемеге жүгінген, шұғыл ауруханаға жатқызу уақытында эпидқадағалау аясында тексеру жүргізілді.
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижесі бойынша оларда COVID-19 диагнозы расталды. Науқастар жұқпалы ауруханалар бөліміне жатқызылып, қазір тиісті ем-дом алып жатыр.
Алдын алу шараларын жасау үшін, науқастармен байланысатын адамдар анықталуда.
2020 жылғы 14 маусымдағы жағдай бойынша облыста COVID-19 инфекциясы бар 220 адам анықталды, 182 адам емделіп шықты.