Ашық есік күні өтті
Бүгін “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ Қостанай облыстық филиалы “Қолжетімді тұрғын үй-2020” бағдарламасын халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында ашық есік күнін өткізді.
Аталған шара барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ең үздік клиенттер марапатталды. Сондай-ақ, филиал директоры Дәурен Саудабаев жиналғандарға Елбасының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан бағдарламаның артықшылығына тоқталып, бұл бағдарламаның тұрақты табысы бар әр адамның баспанаға ие болуына мүмкіндік беретіндігін де ерекше атап өтті.
Қарлығаш Оспанова
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков