Жерде жетім жыламасын!

"Жерде бір жетім жыласа, аспанда мың періште күрсінеді" деген сөз бар. «Бақыт деген – сенің бала күндерің» деп жырлаған екен асқақ ақынымыз Мұқағали Мақатаев та. Расында, қамсыз, мұңсыз, қызықпен өткен сол бір кездер бақытты балалық шағымыз еді ғой. Алайда, тағдыр тәлкегіне ұшырап, балдай тәтті балалық шағында батпандай ауыр мұң арқалап, жанары жаутаңдаған жәудіркөздер сол бақытты сезініп жүргені шамалы. Үкімет қамқорлығы қанша жерден қайырымды болғанымен, ата-анасының аялы алақанын алмастыра алмайтынын айтудың қажеті де жоқ.61fd7a0a-12d2-4b8b-9ac7-6eca72db0aadТағдыр тәлкегіне ұшырап, өмірлері бір арнаға тоғысқан бүлдіршіндермен жүздесуге, Қостанай облыстық «Ұлттық жол сапа орталығының» мамандары,  1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне арнайы келді. ead708a5-008b-45d8-a99c-740f0a06d312«Көздері мөлдіреген кішкентайлар алдымыздан жүгіріп қарсы алды, әсіресе,  қолымыздағы сыйды көріп, одан бетер қуанды. Батпырауық, ұшақ, батминтон сынды ойыншықтарды үлкендері кішілеріне үлестіріп беріп жатты. Бір-біріне жанашырлықпен қарап, бір-біріне қолдау көрсетіп жатқан өздері балаларды көріп жүрегіміз бір езілді», – дейді облыстық филиалдың директоры Абылайхан Алшынбаев. 8dd0085a-002c-4ef0-b0be-81e530bdc3b4Ойыншықпен қоса тәтті сыйларын алып келген меймандарға кәмелет жасқа толмағандарды бейімдеу орталығының балалары дән риза. cdfe1f6b-01dd-4a74-b918-c5ac101a8fb2Жетімдерге қамқор болу немесе қамқор болғандарға қолдау көрсетіп, сөзімен де, ісімен де жәрдем беру – әр азаматтың міндеті. Қайырымдылық қанат жайып, сүйіспеншілік салтанат құрған елдің ғана болашағы баянды.16b60a68-9d46-41d1-80b5-c4c8491baa14

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓