КВИ жұқтырған 16 адам анықталды

Жітіқара қаласында коронавирус індеті бойынша 16 жағдай тіркелді (28.05.20 жылғы мәлімет бойынша).
Вирустың сегіз жағдайы ПТР әдісімен бір отбасы мүшелерінде анықталды. Бұл тұлғалар Жітіқара қаласында әр түрлі мекенжайда тұрады. Бұрын ауырып қалған пациентпен жақын байланысқан. Індет жұқтырғандар 1962 ер адам, 1942, 1966, 1977, 1970 жылғы әйелдер, 2002 жылғы қыз және 2005 жылғы оқушы қыз. Сондай-ақ, сол күні коронавирустық инфекция 58 жастан 21 жасқа дейінгі 7 әйелде және 1 ер адамда расталды.  Үшеуі профилактикалық тексеру кезінде, қалғандары індет жұқтырған пациенттермен жақын байланысқанның нәтижесінде анықталды. ПТР диагностикалық зерттеудің нәтижелері бойынша бәрінде де COVID-19 диагнозы нақтыланды. Пациенттер жұқпалы аурулар стацинарына жатқызылды. Науқастармен байланысқан адамдар анықталып жатыр, барлығы медициналық бақылауға алынды. Аурудың ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасады.
28.05.2020 жылдағы мәлімет бойынша облыста COVID-19 инфекциясымен 152 адам анықталды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓