Қағазбастылықтан қағажу көрмейтін болдық
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қабылдаған заң талаптары мен секілді барлық педагогтерге жақсы жаңалық болды деп ойлаймын. Себебі, білім беру мекемелері оқытушыларының қағазбастылықтан қағажу көріп келгені жасырын емес. Тіпті, бұл әбігер-әурешілік кейде білім беру міндетінен де маңызды орынға шығып кетеді десем, көп әріптесім сөзімді қолдайтын болар. Енді бұл мәселе де артта қалғалы отыр. Қолымызды ұзартып, тынысымызды кеңейтіп, әр педагогтің шығармашылық тұрғыда ізденуіне, балаға білім сіңіруге көбірек уақыт сыйлап отыр. "45 жыл мұғалім болсаң да, 45 минуттық сабаққа ұқыппен қара", – дейтін В.Сухомлинскийдің сөзі бар еді. Сол айтпақшы, шеті-шегі жоқ есеп құжаттарына емес, негізгі мұғалімдік міндетімізге ұқыппен қарайтындай, сапаға көбірек жауап беретіндей күн туған секілді.
Жалпы, осы ретте педагогтер мәртебесіне лайықты көңіл бөлуді тапсырған мемлекет басшысы Қ.Тоқаевқа алғыс білдіргім келеді. Расымен де, қазіргі уақытта мұғалімдер елеулі қамқорлық пен айтарлықтай қолдауды сезіне бастады. Сондай-ақ, қарапайым мұғалімдер мәселесіне бейжай қарамай, нәтижелі жұмыс істеп жатқан А.Аймағамбетовке арнар лебізіміз де ізгі.

Айгүл Елеусізова,
Қостанай қаласындағы №4 орта мектептің
Қостанай қаласындағы №4 орта мектептің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі