Ардагерлерді құттықтай барды

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қасымхан Алдамбергенов пен Михаил Подоляковты құттықтады.41c60ef8-bb05-4da8-bb9a-93313111a1cfӨңір басшысы соғыс ардагерлерінің шаңырағына арнайы барып, Президент атынан құттықтау хатын мен азық-түлік себетін тапсырды. Мәселен, Қасымхан ақсақал өңір жұртшылығына майдангер ғана емес, руханиятқа еңбегі сіңген ақын, жыршы, шежіреші, кәнігі журналист ретінде танымал. Бүгінде 95 жасқа толған сүйегі асыл қария әлі де ширақ. Өскелең ұрпаққа өнеге болар сөз айтып, ел-жұрттың есендігін тілеп отыр.9ca20720-f2ec-46bd-b512-7c6137353a6d20a17c0d-92ee-446a-8fc9-7891e448550fbb534772-4e56-49fc-9716-20691148ee67a07f099a-c98e-4394-88a4-678129adf7cfОблыс әкімі ардагерлермен емен-жарқын әңгіме құрып, оларға жылы лебізін білдірді, зор денсаулық, ұзақ өмір тіледі.501f33e2-180c-4bc5-9026-1d095fe509c26bd31dd7-88b0-40a4-b182-42496cf22f2f«Майдангерлер туралы естелік ретінде көптеген іс-шаралар өткізудеміз. Сіздердің бейбітшілік жолында сіңірген еңбектеріңіз өлшеусіз. Сондықтан, қазіргі және болашақ ұрпақ сіздер мен майдандастарыңыз туралы білуі тиіс. Сіздер көрсеткен ерлікті ешкім ешқашан ұмытпауы керек», – деді Архимед Мұхамбетов.

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓