Бізден де бірер сөз

ec6196337b424054df1d55951c9bb0a7Жыл құсындай жанымызды желпіп, жадыратып, әз-Наурыз келді. Дүние қайта жаңғырып, қайта жаңара түседі. Елімізде мамыражай тірлік-тіршілік. Бірақ, солай десек те, іштей болса да кешегі қойындас, бүгінгі қолтықтас елдердің аласапыранына алаңдап отырған жұрт бар. Мұндайда алаш баласының есіне "туысы бірдің қонысы бір, туысы бірдің уысы бір" деген мақал түседі екен… Асылы, жиі айтып, жегіп алған "бірлік бар жерде, тірлік бар" дегеннің мағынасы қандай салмақты, маңызды еді! Ағайын ала болса ауыздағысынан айрылар, ағайынның аразы болса да, азары болмайдыны" да біліп, бастан өткізіп, жан терлетіп барып айтқан екен-ау.
Төл басылымыңыз, ет-жақын мінберіңіз – "Қостанай таңы" мұндайда ағайынның іштей ұйысқан, үнсіз ұғысқан жан тынысын, елдің аталы сөзін, ердің өрелі ісін айтып, жар сала, жеткізуге ұмтылады. Тым асқақ айтты демеңіздер, біздің өңірде "Қостанай таңы" – ұлттың намысы, жігерге жігер қосар ұйтқысы, біле білгенге алтын діңгекті мінбері! Намысы дейтініміз, намысқойлығынан сөйлегенде қылыштай кесіп түседі, ал елжірегенде жібектей жалтыратып есіп те түседі. Өзіміздің төлтума газетіміз деп өзгеге еңсесін түсіртпей, тар жерде тұқыртпай қасқая тұрар ардаемген жампоздарымыз бар. Әсіресе, ұлдың ой бағатын, қыздың ар бағатын кезінде сәтін салып сырласуға, ыңғайын тауып, ойласуға лайық қара шаңырақтарыңыз осы. Баланы санамайтын, тіпті санын айтпайтын, үйге келе жатып, сүрініп кетсе, үйге береке-байлық, ырыс-несібе келеді деп қуанатын алаш баласының қолынан "Қостанай таңын" көрсек, оны төрге апарып үш рет аунатып алар едік!
Бірдеңе демесе, ішкен асы сіңбейтін кейбір ағайынға да, барша жанашырымызға да біздің де айтарымыз: ұлт барда "Қостанай таңы" бар. "Қостанай таңы" барда Наурыз деп жар салып, аңқылдақ қазақтың ақеден көңілі, жарқын өмірінен жар саларымыз анық.
Мерекеңізбен!
Жанұзақ
Аязбеков
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓