ЭКСПО-ға жолдама
ЭКСПО-17 халықаралық көрмесіне дайындық қыза түскен. Бұл шараға барып, қатысу үшін жастар жағы аянып жатқан жоқ. Бүгінде Қостанай облысынан ерікті ретінде 150 жас тізімге ілінген. Оларға қойылатын басты талап – үш тілділік. Облыстық жастар мәселелер жөніндегі басқарма басшысы К. Әлімжанов: «Биылғы жылы 19 маусымда арнайы мамандар келіп, жастарға тренингтер өткізеді деп күтіп отырмыз. Осы дайындықтан өткендер сертификатқа ие болады. Үш тілді меңгерген, пысық, белсенді жастар халықаралық көрмеге ерікті ретінде баруға мүмкіндік алады», – деді баспаөз мәслихатында.