Біріксек – үлкен күшпіз!

динара

Әлем пандемия салдарын сезінуде, біздің елімізде де коронавирустың жайылу қәупі күннен-күнге күшейіп барады. Індеттің бетін қайтару мақсатында еліміздің дәрігерлері, медицина қызметкерлері және құқық қорғау органдарының өкілдері жұмылдырылуда. Бұл іске қарапайым қазақстандықтардың да үн қоса алатынын еске салғым келеді.

Біз үшін ең бастысы – біртұтастығымызды сақтап, адами қасиеттеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпау.

Қазіргі уақытта билік өкілдері біздерден тыныштық сақтап, ошағымыздан шықпауымызды сұрайды, біз бұл тілекті бұлжытпай орындауымыз керек. Елбасының пандемиямен күресу үшін корпоративтік қор құру бастамасын көптеген бизнес-қауымдастық өкілдері қолдап, өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдіруде.

Біз, қоғам мүшелері ретінде, халықпен жұмыс істеуге көмектесуге дайынбыз. Қазірдің өзінде біз Қостанай қаласындағы дәрігерлік амбулаторияларға қарт адамдарға дәрі-дәрмектерді үйге жеткізуге көмектесудеміз, осылайша әлеуметтің осал топ өкілдерін сырқаттан қорғауға тырысып жатырмыз. Бізді үкіметтік емес ұйымдар мен қарапайым азаматтар-еріктілер қолдайды.

Мен барлық азаматтарды адами қасиеттерімізді сақтап, жақындарыңызға  көмектесуге шақырамын. Біз сіздермен адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға күш біріктіруіміз керек.

Динара Өтебаева, «ГРИН» ҚБ төрайымы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓