“Еңбек”: 15 897 жұмыс орны ашылды

Бүгін облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының Қостанай облысында жүзеге асырылу барысы күн тәртібіне қойылды. Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Аида Құсайынова аталмыш бағдарламаның өткен жылы іске асырылу қорытындысын мәлімдеді.IMG_4162
"Былтыр бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 2682 адам оқытуға жіберілді. Олар облыстағы 33 білім беру ұйымында және 3 оқу орталығында 35 мамандық бойынша дәріс алды. Оқып шыққан адамдардың 1673-і жұмысқа тұрды", – деді басқарма басшысы.IMG_4156
Бағдарламаның екінші бағыт бойынша жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру мақсатында, жалпы сомасы 364,5 млн теңге болатын 769 грант берілген. 480 азамат тиесілі гранттарын еңбек құралдарын алуға жұмасаса, 205 адам бұл мүмкіндікті технологиялық құрылғылар алуға, 84 ұтыскер мал мен құс сатып алуға шығындаған.IMG_4145
Ал үшінші бағыт бойынша, Жұмыспен қамту орталықтарының қатысуымен, өңірде 22,5 мың адам "қос қолға бір күрек" тапқан. Оның 16,9 мыңы тұрақты жұмысқа орналасса, 5,6 мыңы мемлекет субсидиялаған уақытша жұмыстан нәпақа алған. Еңбек ресурстарының жинақтығы шеңберінде аймақтық квотамен 1651 адам қамтылған. Олардың 836-сы оңтүстік өңірден қоныс аударғандар болса, 815-і – сырт елдерден көшіп келген қандастар. Бұл азаматтардың барлығымен әлеуметтік келісім-шарт жасасуға, көші-қондарына субсидия төлеуге, үй-жай жалдауға немесе сатып алуға 440 млн теңге бөлінген. Соның арқасында 176 отбасы тұрғын үймен қамтылған.IMG_4154
"Жалпы, 2019 жылы облыс бойынша 15 897 жұмыс орны ашылды. Оның 9 708-і – тұрақты жұмыс орны. Мемлекеттік бағдарламалар аясындағы жобалар арқылы пайда болған жұмыс орындарының саны – 8 732. Биыл жұмыспен қамту шаралары шеңберінде 22 500 адамды қамту жоспарланып отыр. Сондай-ақ,облысқа қоныс аудармақ ниеттегі 850 адамға қол ұшын созу көзделіп отыр", – деп толықтырды А.Құсайынова.
 
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓